Іздеу

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары үй шаруашылығының бір мүшесімең орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

11/05/2022

Кедейліктің тереңдігі

Кедейлік тереңдігі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық табысы (тұтынуы) деңгейінің орташа ауытқуы көрсетіледі және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санына ара қатынасымен белгіленген жиынтық табыстың тапшылығының шамасын білдіреді.

11/05/2022

Кедейліктің өткірлігі

Кедейлік өткірлігі – кедейлер арасындағы теңсіздікті – кедейлердің табыстарын олардың орташа мәнінен тарату дәрежесі. Бұл белгіленген критерийден зерттелетін үй шаруашылықтары мүшелерінің табыс тапшылығы үлесінің ауытқу квадраттары ішіндегі орташа.

11/05/2022

Үй шаруашылықтарының орташа мөлшері

Үй шаруашылықтарының орташа мөлшері халық санының үй шаруашылықтарының жалпы санына арақатынасы ретінде анықталады

11/05/2022