Пайдаланушыларға көмек

Құрметті «Ашық деректер» порталының пайдаланушылары! 

Ашық деректерді, олардың негізінде құрылған қосымшаларды және «Мұрағат» бөлімінде орналасқан деректерді табу, қарау және жүктеу үшін Сізге порталда авторизациядан өтудің қажеті жоқ.


Порталда авторизациялану деректерге пікір қалдыру, деректерді өзектендіруге немесе жариялауға өтініш қалдыру үшін қажет. Порталға кіру үшін Cіз «электрондық үкімет» eGov.kz веб-порталында тіркелген болуыңыз керек. Егер Сізде тіркелу барысында сұрақтар немесе қателер туындаса, Сіз 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлері арқылы Бірыңғай байланыс-орталығының хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін!


"Ашық деректер" порталға кіру рұқсатын алу үшін "Электрондық үкімет" порталында http://egov.kz/cms/ru жеке тұлға ретінде тіркелу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на ақпаратты орналастыру бойынша жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., ЖСН, мемлекеттік органның атауы, электрондық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген ресми хат жіберу қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.


Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпаратқа, білімге және басқа ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі мәтінді дауыстауға арналған қосымша.

Ашық деректер жиынтықтарды қарау және жүктеу 

Деректерді табу үшін «Деректер» бөлімін пайдалануға болады:


1. осы бөлімге меңзермен жүргізу кезінде деректерді көрсету нұсқалары шығады:
2. осы бөлімге меңзермен басу кезінде ашық деректердің барлық жиынтықтарымен жаңа бет ашылады. 
«Деректер» бөлімінде:
  • құру күні бойынша және жаңарту күні бойынша сұрыптау мүмкіндігі бар (өсуі және кемуі бойынша )
  • деректерді иеленушілер бойынша сұрыптауға болады: Мемлекеттік органдардан немесе Сыртқы пайдаланушылардан (өз еркімен деректерді қоятындар)
  • Сіздің көрсетілген нұсқалардың бірін таңдауыңызға байланысты санаттар/мемлекеттік органдар/басқа ұйымдар бойынша таңдау мүмкіндігіңіз бар
  • «Мұрағат» бөлімінде өзекті емес деректер жиынтықтары сақталады.

Сонымен қатар, порталда іздеуді пайдаланып, беттің жоғарғы жағында орналсқан іздеу өрісіне жиынтықтардың атауларын еңгізуге болады. Іздеуді барлық бөлімдердің беттерінде пайдалана аласыз.
Ашық деректердің қажетті жиынтығын (мысалы, Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі) таңдағаннан кейін, Сіз атауына басуыңыз керек, содан кейін ашық деректер жиынтығы қарау терезесі ашылады. Мұнда деректердің паспорты, деректердің өзі, жүктелім мен нұсқалардың форматтары көрінеді.
Паспортта ақпарат иесі туралы ақпарат, ашық деректер санаты, орналастыру және жаңарту күні, API сілтеме қолжетімді.
Ашық деректер жиынтығының мазмұнын көру үшін, Сіз жиынтықтар кесте көрінісінде пайда болатын «Деректер» салымына басуыңыз керек. Оң жағында «Бағаналар» батырмасы бар, ол сүзгілеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сіз қанат белгіні баса отырып, қажет емес бағандарды алып тастауыңызға болады.
Бұдан әрі ашық деректер жиынтығын жүктеу үшін, «Жүктеу» батырмасына басып және Сіз үшін ыңғайлы Excel, DOCX, JSON, XML форматтарының бірін таңдауыңыз қажет.
«Нұсқа» салымында ашық деректер жиынтығының нұсқаларын көруге болады, яғни ашық деректер жиынтығының ескі нұсқаларын көруге мүмкіндік болады.


«Пікір қалдыру» және «Өтінім қалдыру»

Пікір / өтінім қалдыру үшін порталда авторизациялану қажет. 
Деректер паспортының астында осы жиынтыққа түсініктеме қалдыру үшін «Түсініктеме қалдыру» және деректер жиынтығын өзектендіру үшін «Өтініш қалдыру» салымдары бар. Яғни, егер Пайдаланушы деректердің өзекті еместігін, толық еместігін немесе қолжетімді еместігін байқаса, ол порталда өзектендіруге өтінім қалдыра алады. 
Ашық деректер жиынтығына түсініктеме қалдыру үшін «Түсініктеме қалдыру» салымын таңдаңыз, түсініктемеңіздің текстін жазып, «Жіберу» батырмасын басыңыз. «Өтініш қалдыру» салымын таңдаған кезде «Себебін таңдаңыз» және «Ескерту» өрістері кескінделеді. «Себебін таңдаңыз» өрісі міндетті болып табылады: тізімнен сепебті таңдауыңыз қажет. Содан соң, өзіңіздің ескертуіңізді жазып, «Жөнелту» батырмасын басыңыз. 
Өзектендіруге өтінім жіберу кезінде, келесі өтінім нысанын толтыруыңыз керек: тізімдегі деректер санатын, деректер жиынтығын таңдау және ашық деректердің жиынтығын өзектендіру қажет деп санауыңыздың себебін көрсету. 
Ыңғайлы болу үшін бұрын сипатталғандай, әрбір деректер жиынтығына өтінім қалдыру жақсы екенін атап өтуге болады. 
Сіз порталда таба алмаған ашық деректердің жиынтықтарын жариялауға өтінім қалдыру үшін, «Жариялауға» салымын таңдауыңыз керек. 
Өтінім беру процесін, Сіздің уақытыңызды оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында бұрыннан бар өтініштермен танысуыңызды сұраймыз, өйткені бұрын осыған ұқсас сұрау салу келіп түскен болуы мүмкін. Егер ұқсас сұрау салуды тапсаңыз, Сізге осы өтінімге дауыс беруді жүзеге асыру талап етіледі. 
Өтінімнің бар екендігіне көз жеткізу үшін, Сізге «Жариялауға өтінім» сілтемесі бойынша өтіп, іздеуді пайдалану қажет. 
Егер Сіз ұқсас сұрау салуды таппасаңыз, онда келесі алаңдарды толтыра отырып, деректер жиынтығын жариялауға өтінім беруге Сіздің мүмкіндігіңіз бар. 
Ол үшін, «Жаңа өтінім беру» деп жазылған жерге қанат белгісін қоямыз. 
Бұдан әрі, қажетті алаңдарды толтырамыз: деректер санаты, ашық деректер жиынтығының атауы, ситаттауы (қандай ақпарат болуы керек), осы деректерді иеленетін Мемлекеттік органды таңдайсыз немесе егер ақпараттың иеленушісі Мемлекеттік орган болмаса, басқа ұйымдарды көрсетіңіз. Бұдан әрі, «Жіберу» батырмасына басыңыз.

Ашық үкімет құрауыштары

Статистика

  • 92Ашық деректер жиынтықтарының өзектілік үлесі
  • 37Өңделген қосымшалар мен сервистер
  • 1002Өзектендіруге өтініш
  • 336Жариялауға өтініш
  • 928733601.01.2015 ж. бастап қараулар
  • 27673101.01.2015 ж. бастап жүктеулер

Пайдаланушыларға көмек

тағы видео