Портал туралы
Ашық деректер, Ашық үкіметтің бастамасы ретінде Қазақстан Республикасының «цифрлық үкіметінің» жеке элементі болып табылады.
«Ашық деректер» порталының көмегі арқылы, жұртшылық, мемлекеттік органдар құрған деректерді оңай табады, жүктейді және пайдаланады. Портал деректердің мемлекеттік деректер жиынының сипаттамасын, сондай-ақ деректер жиынына және қосымша құралдарға қалай қол жеткізілетіні туралы ақпаратты қамтиды. Деректер каталогының жиыны, сонымен қатар, деректердің өздері де тұрақты негізде толықтырылып отырады.
Электрондық демократия
«Ашық деректер» порталының жетістігі , халықтың, порталдың өзімен, сондай-ақ деректермен жұмыс істеуге қаншалықты жұмылдырылатынына толық тәуелді. «Ашық деректер» порталының негізгі мақсаты жұртшылыққа деректерді пайдалану және олардың негізінде қосымшалар құру, жан жақты талдаулар және зерттеулер жүргізу арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін ұсыну болып табылады.
«Ашық деректер» порталын жақсарту жөніндегі жұмыстар келесі құралдардың көмегімен тұрақты түрде жүргізіледі:
- кері байланыс:
- пайдаланушылардың комментарийлері және ұсыныстары.
Біз үшін Сіздің деректер жиынында нені көргіңіз келетініне қатысты пікіріңіз, Сіздің ағымдағы деректер жиынына беретін бағаңызды және комментарийлеріңізді, сондай-ақ порталды жақсарту турасындағы ұсыныстарыңызды алу маңызды.
Біз Сіздердің «Ашық деректер» порталы туралы идеяларыңыз бен комментарийлеріңізді асыға және қызыға күтеміз.
мақсаттар
1. Ашық мемлекеттік деректерге қолайлы қолжетімділік
2. Талдау мен зерттеулерді оңай ету
3. Үкімет жұмысының ашықтығы
4. Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035957







