Іздеу

«Өлке тынысы» ЖШС

Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.

07/04/2021

жиынтық тізімі жоқ

«Қоғамдық келісім» КММ негізгі қызметі - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Мекеме қызметінің мақсаты-мемлекеттік ұлттық саясат саласындағы негізгі стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау, этностық топтардың дәстүрлерін, тілдерін, мәдениеттерін сақтау, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қалыптастыру, этномәдени бірлестіктердің мүдделерін интеграциялау, азаматтық пен патриотизмге, мемлекеттік рәміздерді, оның тарихын, мәдениеті мен халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

22/04/2021

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөніндегі ақпарат

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ірі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыруға жауапты ИИДМБ операторы болып табылады.

29/09/2021

Азықтық қоспалардың куәлігінің реестрі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/31 бұйрығына сәйкес бұл жинақта "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес азықтық қоспалардың куәлігінің реестрі туралы ақпарат мазмұндалады

09/12/2021

Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісінің функцияларын жүзеге асыру жөніндегі кәсіпорындардың тізбесі

Бұл жинақта Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісінің функцияларын жүзеге асыру жөніндегі кәсіпорындардың тізбесі туралы ақпарат бар

13/12/2021

"Жетісу телеарнасы" ЖШС

Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы өңіріміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тыныс тіршілігі туралы ақпарат таратады. Мемлекеттік саясат пен идеологияны насихаттайды. Телеарна сандық толқында 90 тарату станциясы арқылы Алматы облысының 95% таратылып, барлық елді мекендерді қамтиды. «Жетісу» телеарнасын "ОтауТВ" жерсерігі арқылы Қазақстанның барлық өңірінде, Интелсат жерсерігінің көмегімен Ресей, Түркия, Иран, Пәкістан, Моңғолия, Шығыс Қытай сынды өзге де көрші мемлекеттерден тамашалуға мүмкіндік бар. Эфир ұзақтығы тәулігіне 17 сағат.

15/12/2021

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов туғанына 100 жыл толуына орай, " Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.

Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті. Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу болды.

09/06/2022

2022 жылы электрондық сауда-саттықта өткізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланының және Мемлекеттік күзет қызметінің пайдаланылмайтын мүлкінің тізбесі

2022 жылы Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында іске асырылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланының және Мемлекеттік күзет қызметінің пайдаланылмайтын мүлкі

15/09/2022

2022 жылы электрондық сауда-саттықта өткізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланының және Мемлекеттік күзет қызметінің пайдаланылмайтын мүлкінің тізбесі

2022 жылы Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында іске асырылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланының және Мемлекеттік күзет қызметінің пайдаланылмайтын мүлкі

15/09/2022

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттар тізбесі)

Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар: 1. Тиісті ұйымның ілеспе хаты. 2. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi. 3. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы). 4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 5. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген). Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz

24/02/2023