Іздеу

 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, «Бір қолымен әлемді тербеген жан» атты іскер ханымдармен кездесу кеші 

Кездесу кешінің басты қонақтары- Нұр-Ғазиз» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы бойынша КАНО филиалының директоры Егинбаева Роза Есжанқызы, Текелі қаласынан арнайы келіп отырған Кәсіпкер Ысқақ Нұргүл, кәсіпкер Жеңіс Ардақ Ерболқызы болды.

11/03/2022

2000 жылдан бері АӨК-ге салынған инвестициялар

Бұл жинақта «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2000 жылдан бері агроөнеркәсіптік кешенге салған инвестициялары туралы ақпарат бар - 1072,3 млрд. теңге

14/03/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапаханасында , 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекелік кеш өтті.

Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекелік кеште, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Кәрімұлы , Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Қапашұлы Көлбаев , белгілі композитор ,дирижер ,Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Алпысбаев Әли Демегенұлы және тағы басқа да құрметті қонақтар болды.

17/03/2022

Ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Ахмет Алаңы» атты әдеби шара өтті.

Әдеби шара барысында, «М.Маметова» атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары жетісулық ақындар, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Жазышылар одағының мүшесі , Алматы облысының Жазушылар одағы филиалының орынбасары, жетісудың жан серісі Жангелді Немеребай және қара өлеңнің ханшайымы ,ақын, журналист Әмина Адайханмен кездесу болды.

01/04/2022

2000 жылдан бері АӨК-ге салынған инвестициялар

Бұл жинақта «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2000 жылдан бері агроөнеркәсіптік кешенге салған инвестициялары туралы ақпарат бар - 1079,6 млрд. теңге

11/04/2022

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ереже

18/04/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында, тілі шешен, аузы дуалы ақсақалдар арасында «Бата-сөздің атасы» атты облыстық бата байқауы өтті

Алматы облысы бойынша 17 қатысушыдан өтінім қабылданып, аталған облыстық байқауда бақ сынасты. Жеңімпаздар,дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. По итогам конкурса; І место-Алиакбар Барат (Енбекшиказахский район) ІІ место-Иманали Алтай (Кербулакский район) ІІІ место-Мыкышев Мурат Дуйсенбиевич (Илийский район)

20/04/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақын Мұхтар Шахановпен «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінің модераторы- Жетісулық ақын, журналист Әмина Адпйхан болды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022жылдан бастап, «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында, кітапхана шаңырағына кезекті қонақ болатын белгілі тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны,көпшілік оқырман қауымның жүрегінен орын алған ақын Мұхтар Шаханов. «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кешінде №28 ІТ мектеп-лицейінің оқушылар , ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқиды. Сонымен қатар, аңыз адам Мұхтар Шаханов оқырмандармен сырлы сұхбат құрылды. Шарада, зиялы қауым өкілдері мен көпшілік оқырман қауым , сондай-ақ БАҚ қатысты.

20/04/2022

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған ұйымдар (есепті кезең; өңірдің атауы; балалар үйінің атауы; заңды мекенжайы және байланыс телефоны)

Бұл жинақта Атырау облысы бойынша білім беру нысандары туралы деректер (білім беру мекемелерінің барлық түрлері, меншік формасына және облыс бойынша ведомстволық бағынуына қарамастан) орналасқан

03/05/2022