Іздеу

2022 жылы түскен МӘМС жарналары мен аударымдары

Жиынтықта МӘМС-ке 12 ай ішінде (01.01.2022 ж.бастап 31.12.2022 ж. дейін) жарналар мен аударымдардың түсімдері бойынша ақпарат қамтылған.

16/02/2023

Білім беру деңгейлері бойынша кадрлар даярлау бағыттары бойынша лицензиясы бар жоғары оқу орындары тізбесі

Бұл жинақта құрамында Білім беру деңгейлері бойынша кадр даярлау бағыттары бойынша көрсетілген лицензиясы бар жоғары оқу орындары тізбесі бар

24/02/2023

Философия докторы (PhD) дәрежесінде бекітілгендер тізімі

Бұл жинақта құрамында Философия докторы (PhD) дәрежесінде бекітілгендер тізімі (2022 жылы)

24/02/2023

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ЖӘНЕ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАРЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 140 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk сайтында орналасқан. Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар 2023 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады. Анықтама телефондары 8(7172) 74-24-84, 74-20-93, 74-16-59.

24/02/2023

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттар тізбесі)

Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар: 1. Тиісті ұйымның ілеспе хаты. 2. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi. 3. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы). 4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 5. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген). Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz

24/02/2023

Гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалардың тізбесі

Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ресми сайтында «Конкурстар» бөлімінде жарияланған (www.ncste.kz).

24/02/2023

267. Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: 1. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс. 2. Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын). 3. Жұмыстың қысқаша аннотациясы. 4. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді. 5. Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 6. Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін). 7. Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды). 8. Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады. Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz

28/02/2023

Белсенді қарыз алушылар саны

Бұл жинақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ белсенді клиенттерінің саны туралы ақпаратты қамтиды - 11 099

07/03/2023

2000 жылдан бері АӨК-ге салынған инвестициялар

Бұл жинақта «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 2000 жылдан бері агроөнеркәсіптік кешенге салған инвестициялары туралы ақпарат бар - 1 253,8 млрд. теңге

07/03/2023

2022 жылы 1406 байланыс орталығы және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы түскен медициналық қызметтер мәселелері бойынша өтініштер

Жиынтықта 2022 жылға арналған 1406 байланыс орталығы және Qoldau арқылы түскен медициналық қызметтер мәселелері бойынша өтініштерді қарау бойынша талдамалық есеп бар

30/03/2023