Іздеу
Білім беру деңгейлері бойынша кадрлар даярлау бағыттары бойынша лицензиясы бар жоғары оқу орындары тізбесі
Бұл жинақта құрамында Білім беру деңгейлері бойынша кадр даярлау бағыттары бойынша көрсетілген лицензиясы бар жоғары оқу орындары тізбесі бар
24/02/2023Философия докторы (PhD) дәрежесінде бекітілгендер тізімі
Бұл жинақта құрамында Философия докторы (PhD) дәрежесінде бекітілгендер тізімі (2022 жылы)
24/02/2023Ғылым түрлері бойынша ғылыми басылымдардың тізбесі
Бұл жинақ құрамында Комитет ұсынатын басылымдар тізімі
24/02/2023230. Диссертациялық кеңестер тізімі
Бұл жинақта құрамында докторлық диссертация қорғау бойынша ашылған диссертациялық кеңестер жұмыс жасайтын ЖОО-лар тізімі
24/02/2023Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ЖӘНЕ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАРЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 140 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk сайтында орналасқан. Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар 2023 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады. Анықтама телефондары 8(7172) 74-24-84, 74-20-93, 74-16-59.
24/02/2023Мемлекеттік ғылыми стипендиялар (атауы, конкурстың шарттары, құжаттар тізбесі)
Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Мемлекеттік ғылыми стипендияны беру үшін қажетті құжаттар: 1. Тиісті ұйымның ілеспе хаты. 2. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi. 3. Ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы). 4. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 5. Мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды). Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген). Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz
24/02/2023Гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылған және іске асырылып жатқан жобалардың тізбесі
Гранттық қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ресми сайтында «Конкурстар» бөлімінде жарияланған (www.ncste.kz).
24/02/2023Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда)
25.02.2023 ж. бойынша қазақстандық авторлар 2022 жылғы Scopus дерекқорында 4974 жарияланымдар (мақалалар мен шолу) жариялады. (Scopus базасының сілтемесі: https://www.scopus.com/) Web of Science базасы бойынша жарияланымдар саны – 3786. (Web of Science базасының сілтемесі: https://www.webofscience.com) Бұл ретте жарияланымдар саны өседі және нақты саны 2023 жылдың шілдесіне дейін қолжетімді болады.
27/02/2023267. Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)
Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: 1. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс. 2. Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын). 3. Жұмыстың қысқаша аннотациясы. 4. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді. 5. Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 6. Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін). 7. Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды). 8. Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады. Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz
28/02/2023Аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің тізімі
Аталған жиынтық аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері туралы мәліметтерді құрайды
01/03/2023