Іздеу

«Өлке тынысы» ЖШС

Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.

07/04/2021

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы

Осы жинақта Ақмола облысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы туралы ақпарат бар

15/12/2021

Тұрғын үйлердің құрылысы

Осы жинақта Ақмола облысының тұрғын үйлердің құрылысы туралы ақпарат бар

15/12/2021

Сумен қамсыздандыру объектілері

Осы жинақта Ақмола облысының сумен қамсыздандыру объектілері туралы ақпарат бар

15/12/2021

Сумен қамсыздандыру объектілері

Осы жинақта Ақмола облысының сумен қамсыздандыру объектілері туралы ақпарат бар

22/12/2021

Саяжай учаскелерін жоспарлы бұзу жөніндегі мәліметтер, өңірлер бөлінісінде

Бұл жинақта саяжай учаскелерін жоспарлы бұзу жөніндегі мәліметтер туралы ақпарат бар

24/12/2021

Мүлік иелері кооперативтерінің тізбесі, өңірлер бөлінісінде

Бұл жиынтықта өңірлер бөлінісінде мүлік иелері бірлестіктерінің тізбесі қамтылған

27/12/2021