Пайдалану шарттары және
«Ашық деректер» порталы пайдаланушысының дербес деректерін
жинауға және өңдеуге келісімі
Құрметті пайдаланушы!
«Ашық деректер» порталының автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АД АЖО) қол жеткізуге өтінім бермес бұрын Пайдаланушы осы Шарттармен мұқият танысып, олармен келісетінін растауы қажет.
1. Пайдалану шарттары
Осы Шарттармен келісетінін растай отырып, Пайдаланушы өзіне берілген қолжетімділікті пайдалану арқылы жасалатын барлық әрекеттер үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады және төмендегілерді түсінетінін растайды:
- Пайдаланушы АД АЖО жүйесінде өз атынан жасалатын кез келген әрекет, оның ішінде енгізілетін деректердің дұрыстығы және оларды пайдаланудан туындайтын салдарлар үшін дербес жауапты болады.
- Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өз қолымен қойылған қолтаңбамен тең заңдық күші бар.
- ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. Пайдаланушы өз ЭЦҚ-сының қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етуге және оны басқа тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге міндеттенеді. Осы талапты бұзу заңдық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
2. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Пайдаланушы мемлекеттік органның контент-менеджері ретінде АД АЖО-ға қол жеткізу мүмкіндігін беру және оны қамтамасыз ету, сондай-ақ АД АЖО-ны пайдалану кезінде өзі жасайтын әрекеттерді журналға тіркеу мақсатында қолжетімділігі шектеулі дербес деректерін жинауға және өңдеуге осы арқылы келісім береді.
Жинауға және өңдеуге келісім берілетін дербес деректердің тізбесі:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
- жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
- телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы.
Әкімшіге дербес деректерге қол жеткізу құқығы тиісті міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде беріледі.
Осы келісім қолжетімділік берілген және пайдаланылған кезең ішінде қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес дербес деректерді өңдеу жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, Әкімшіге жазбаша өтініш жіберу арқылы кері қайтарып алынуы мүмкін.
3. Өтінімді толтыруға қойылатын талаптар
- Қолжетімділік алуға арналған өтінім нысанының барлық өрістері дұрыс және толық толтырылуы тиіс.
- Толық емес, анық емес немесе қате ақпарат ұсынылған жағдайда өтінім қараусыз қалдырылуы мүмкін.
4. Өтінімді қарау тәртібі
- Қолжетімділік алуға арналған барлық өтінімді Әкімші олардың келіп түсу ретімен қарайды.
- Қажет болған жағдайда Әкімші деректерді нақтылау үшін Пайдаланушымен өтінімде көрсетілген байланыс телефоны арқылы хабарласа алады.
- Оң шешім қабылданған жағдайда Пайдаланушыға АД АЖО-ға қолжетімділік берілгені туралы хабарлама жіберіледі.
Осы Шарттармен келісетінін растай отырып, Пайдаланушы өз жауапкершілігін түсінетінін растайды және белгіленген қағидаларды сақтауға міндеттенеді.



