Ашық деректер негізінде қосымшаларды дамыту бойынша байқау
- 19.05.2016
- Санат: Көлік
Деректер жиынтығының ұлғаюы пайдалы қызметтер мен қосымшалар идеяларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, өз кезегінде қарапайым азаматтардың, мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ететін, алуан түрлі ақпараттың үлкен алабына қолжеткізушілігін кеңейтеді.
Біз, data.egov.kz порталының API-ын (қосымшаларды бағдарламалау интерфейсін) пайдалы қосымшаларды әзірлеу үшін қолданатын барлық мүдделі адамдардың кез келген бастамаларын ынталандыруға бар күштерімізді салудамыз және де осындай бастамаларды көтермелеуді көздейміз.
Осыған орай, біз data.gov.kz порталының мәліметтері негізінде әзірленген мобильдік қосымша/ веб-сервис байқауын жариялаймыз.
Байқау мақсаты: data.egov.kz ашық деректер порталын көпшілікке таныстыру, деректер жиынтығына деген қызығушылықты көтеру, дамытушыларды пайдалы қосымша мен сервистерді әзірлеуге ынталандыру.
Қатысушылар: Қазақстан Республикасының кез келген азаматы
Конкурс шарттары мен ескертулер
iOS (6+ нұсқасы), Android (4+ нұсқасы) немесе Windows Phone мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны API арқылы, data.egov.kz порталында орналасқан ашық деректерді қолдану негізінде, дамыту қажет. Ресми дүкендерде қосымшаны жариялаумен қатар интерфейстің көптілдігі қошталады.
Қатысушылардың ыңғайлығы үшін конкурсқа жіберілген қосымшаларды APK-файл түрінде (Android-қа арналған қосымшалар үшін)/ IPA-файл түрінде (iOS-қа арналған қосымшалар үшін)/ XAP-файл түрінде (WP-ға арналған қосымшалар үшін), немесе мобильдік қосымшалардың тарату қызметтері арқылы (TestFlight аналогтары) тапсыруға болады.
Мобильдік қосымшаның орнына (балама нұсқасы ретінде) ашық деректердің API арқылы дамытылған веб-қосымшалары (веб-сервистер, telegram-боттары және т.б) қарастырылмақ. Веб-қосымшалардың қолданысы келесі браузерлердің талаптарына сәйекс болуы тиіс (қолдануы мүмкін болу тиіс): Internet Explorer 6.0 және кейінгі нұсқалары (Internet Explorer 7.0 және одан кейінгі нұсқалары ұсынылады); Firefox 3.0 және кейінгі нұсқалары. Сондай-ақ көптілді интерфейс қошталады. Конкурсқа жіберілген веб-сервистер келісті сілтеме ретінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстың барлық қатысушылары ақыл-кеңесті және кез келген туындаған сұрақтарға өз жауабын біздің арнайы бөлінген мамандарымыздан алуға мүмкіндік алады. Сұрақтарды nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайына немесе +7 (7172) 702000 (3457), 8 705 533 32 02 нөмірлеріне қоңырау шалып қоюға болады.
Маңызды ақпарат: қосымшаның авторлық құқығы әзірлеушіде сақталады.
Аяқталу мерзімі
Әзірленген қосымшаны / веб-сервистің сілтемесін nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайға 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін жіберу қажет (қосымшаның / веб-сервистің сипаттамасын, толық аты-жөні мен байланыс ақпараттарын көрсету қажет). Егерде, қосымша көлемі 10 МБ-тан асатын болса, оны деректер қоймасының біріне орналасырып (мысалы, Google Docs, Dropbox) хатқа сілтемесін қосу қажет.
Конкурс нәтижелері 2016жылдың 25 шілдесінде жарияланады.
Жүлде - жеңімпаз заманауи және жоғары сапалы ультрабук-трансформерді ұтып алады.
Жеңімпазды таңдау
Конкурсқа қатысатын барлық мобильдік қосымшалар мен веб-сервистер қазылар алқасымен бағаланатын болады.
Бағалау кезінде назар келесі талаптарға аударылады:
- Идеяның сонылығы мен өзіндігі;
- Әлеуметтік маңыздылығы;
- Функционалдылығы;
- Коммерциялау мүмкіндіктері.
Қазылар алқасы туындаған сұрақтар бойынша конкурс қатысушыларымен хабарласа алады.