Іздеу

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары

Халықтың атаулы ақшалай табысы – бұл халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және қорлануға бағытталған ақшалай қаражаттары. Оның шамасы есептеу әдісімен макродеңгейде анықталады және халықтың жалдамалы жұмыс пен өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен ақшалай табыстарын бағалауды (жалақының жасыру мен статистикалық есептілікпен қамтуға келмейтін жұмыс істейтін халықтың санына санап шығумен) және әлеуметтік трансферттердің төлемі қосылады.

11/05/2022

Тұтыну бағаларының индексі

Халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайды.

11/05/2022

Халықтың 10%-дық топтары бойынша қорлар коэффициенті

Қорлар коэффициенті – бірінші және оныншы децильдік топтардағы бөлу қатары ішіндегі халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы ара салмағын өлшейді.

11/05/2022

Кедейліктің тереңдігі

Кедейлік тереңдігі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық табысы (тұтынуы) деңгейінің орташа ауытқуы көрсетіледі және үй шаруашылықтары мүшелерінің жалпы санына ара қатынасымен белгіленген жиынтық табыстың тапшылығының шамасын білдіреді.

11/05/2022

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарындағы оқушылардың өнірлер бойынша оқу орындарының саны (ауылдық жерлер)

Білім беретін ұйымдардағы білім алушылардың (студенттердің) саны - кәсіптік және техникалық білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың саны. Статистикалық есептілікте білім алушылардың (студенттердің) саны туралы деректер сыныптар (курстар), жынысы, жасы, мамандығы және басқа да көрсеткіштері бойынша келтіріледі.

07/09/2022