Іздеу
267. Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)
Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: 1. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс. 2. Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын). 3. Жұмыстың қысқаша аннотациясы. 4. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді. 5. Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 6. Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін). 7. Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды). 8. Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады. Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz
28/02/2023Отандық тауар өндірушілердің тізбесі
Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілері бойынша деректер
28/04/2024Несиелер мен микронесиелерді беруге тыйым салу шарасы
Стоп-кредит» – бұл eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді тегін қызмет, оның көмегімен әр азамат өз атына банктік қарыздар мен микрокредиттерді беру тыйымын шектеусіз мерзімге қоя алады. Бұл тыйымды тек қарыз алушының өзі қояды және қалаған уақытында оны алып тастай алады. Қызметті орнату мен алып тастауға қатысты ешқандай шектеу жоқ. 2024 жылғы ақпаннан бастап «Банктер және банк қызметі туралы» Заңның 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Заңның 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға несие алудан өз еркімен бас тарту туралы өтінішті кредиттік бюроға немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру арқылы ресімдей алады. Тыйымды кез келген уақытқа қоюға және алып тастауға болады, бұл ретте оның жиілігіне қатысты да шектеу жоқ. Маңызды! Бұл қызметті басқа біреудің орнына іске қосу мүмкін емес – әр азамат оны өзі ғана қоя алады. Сондықтан «аз ақшаға сіз үшін тыйым қоямыз» деп уәде ететін делдалдарға сенбеңіз.
19/12/2025Ақшалай агрегаттар
Кестеде ақша базасы және ақша массасы құрылымдық кесіндіде, динамикада көрсетілген; кезеңнің соңына, млн теңге. 2024 және 2025 жылдардағы ақпарат келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: https://data.egov.kz/datasets/view?index=opendata-api-uri794 https://data.egov.kz/datasets/view?index=aksha_agregattary
05/01/2026Банкаралық ақша аударымдары жүйесі
Кестеде Банкаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы өткізілген төлемдер бойынша статистика көрсетілген. 2024 және 2025 жылдардағы деректер келесі сілтемелер арқылы қол жетімді: https://data.egov.kz/datasets/view?index=interbank_system_of_money_tran https://data.egov.kz/datasets/view?index=bankaralyk_aksha_audarymdary_z
25/02/2026Төлем карточкалары
Төлем карточкаларын пайдалана отырып ақша төлемі мен аударымдары туралы мәліметтер. 2024 және 2025 жылдардағы деректер келесі сілтемелер арқылы қол жетімді: https://data.egov.kz/datasets/view?index=information_on_the_number_and_ https://data.egov.kz/datasets/view?index=tolem_kartochkalary
25/02/2026


