Іздеу

2024 жылғы 1 тоқсандағы "Алатау" балалар клиникалық санаторийі ШЖҚ РМК тәрбие-оқу бөлімінің есебі

Санаторий құрылымында педагогикалық қызмет жұмыс істейді. Оңалту емдеу курсына түскен балаларға психологиялық - педагогикалық-логопедиялық түзетулер жүргізілді. Топтағы балалар саны – 374, мектеп жасындағы балалар саны – 401, мектеп жасына дейінгі балалар саны – 25. Ұйымдастырылған балалар саны -19, ұйымдастырылмаған балалар саны – 6. Педагогикалық қызмет көрсететін қызметтердің тізімі: психологтың кеңесі, психологиялық түзету, ультракүлгін фото-қараңғы сенсорлық бөлмедегі сабақтар, сондай-ақ мұғалім оқу жылы кезінде мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар өткізеді. 2024 жылдың 1 тоқсанында жоспар бойынша мектеп жасындағы 386 бала оқытылды.

31/10/2024

2024 жылғы 1 жартыжылдығындағы "Алатау" балалар клиникалық санаторийі ШЖҚ РМК тәрбие-оқу бөлімінің есебі

2024 жылдың 1 жартыжылдығында БКС "Алатау" оңалту емдеу курсына түскен балалар саны - 988 құрады. Топтағы балалар саны-823, мектеп жасындағы балалар саны – 911, мектеп жасына дейінгі балалар – 79. Ұйымдастырылған балалар саны -55, ұйымдастырылмаған балалар саны – 18. Педагогикалық қызмет көрсететін қызметтердің тізімі: психологтың кеңесі, психологиялық түзету, ультракүлгін фото-қараңғы сенсорлық бөлмедегі сабақтар, сондай-ақ мұғалім оқу жылы кезінде мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар өткізеді. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында жоспар бойынша мектеп жасындағы 768 бала оқытылды.

31/10/2024

Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы профилактикалық бақылау жүргізуінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізімі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы профилактикалық бақылау жүргізуінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тізімі

17/12/2025