Search results

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға және сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі ақпарат

2023 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша 23 132,95 ш. м. мөлшерінде артық және пайдаланылмайтын үй-жайларды беру бойынша 203 мүліктік жалдау (жалға алу) шарты жасалды (асханаларды, пошта филиалдарын, банк терминалдары мен сату автоматтарын, дәріханаларды орналастыру, спорттық іс-шаралар өткізу және т. б. үшін). Облыстық бюджетке түсімдердің жалпы сомасы 28 976,1 мың теңгені құрады. 2023 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік және т.б. салалардағы коммуналдық меншіктің 13 объектісі сенімгерлік басқаруда, оның ішінде 12 объекті кейіннен сатып алу құқығынсыз және 1 объекті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

30/03/2023