Search results
С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында, тілі шешен, аузы дуалы ақсақалдар арасында «Бата-сөздің атасы» атты облыстық бата байқауы өтті
Алматы облысы бойынша 17 қатысушыдан өтінім қабылданып, аталған облыстық байқауда бақ сынасты. Жеңімпаздар,дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. По итогам конкурса; І место-Алиакбар Барат (Енбекшиказахский район) ІІ место-Иманали Алтай (Кербулакский район) ІІІ место-Мыкышев Мурат Дуйсенбиевич (Илийский район)
20/04/2022С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақын Мұхтар Шахановпен «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің модераторы- Жетісулық ақын, журналист Әмина Адпйхан болды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022жылдан бастап, «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында, кітапхана шаңырағына кезекті қонақ болатын белгілі тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны,көпшілік оқырман қауымның жүрегінен орын алған ақын Мұхтар Шаханов. «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кешінде №28 ІТ мектеп-лицейінің оқушылар , ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқиды. Сонымен қатар, аңыз адам Мұхтар Шаханов оқырмандармен сырлы сұхбат құрылды. Шарада, зиялы қауым өкілдері мен көпшілік оқырман қауым , сондай-ақ БАҚ қатысты.
20/04/202223 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.
Кітап фестивалінің мақсаты- көпшілік оқырман қауымға кітаптың берер пайдасын әр түрлі қызықты шаралар арқылы дәріптеу болып табылады. «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалінде оқырмандарға арналып, соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардың макеттері мен дәстүрлі және электронды кітаптар көрмесі , көрме инсталяция таныстырылды. Сонымен қатар, тұрақты үздік оқырмандарға «Алтын карта» табыс ету рәсімі өтті.
22/04/2022Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов туғанына 100 жыл толуына орай, " Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.
Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті. Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу болды.
09/06/20227мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.
Жас ұрпаққа өз отанын сүюге, соғыс жылдары ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі-өнеге ету.Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімдер дамуына үлес қосу болып табылады
09/06/2022V РУХАНИ ҚАЗЫНА-2022 ФЕСТИВАЛІНІҢ САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ.
«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК КІТАПХАНАЛЫҚ ЖОБА » номинациясын жеңіп алды. Ал,өңір бойынша бақ сынаған Іле аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Сәнкеш Эльмира Ерболатқызы " Үздік аудандық (қалалық)маңызы бар балалар кітапхана қызметкері" номинациясын иеленді.
09/06/2022С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы "Үздік облыстық мекеме " номинациясына иеленді
"Үздік облыстық мекеме " номинациясына иеленіп, Алматы облысы әкімі орынбасары Арслан Момышұлы Дәндібаевтың қолынан марапат алды. Кітапхана ұжымы "Chevrolet " автокөлігіне ие болды.
09/06/2022С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы "Үздік облыстық мекеме " номинациясына иеленді
"Үздік облыстық мекеме " номинациясына иеленіп, Алматы облысы әкімі орынбасары Арслан Момышұлы Дәндібаевтың қолынан марапат алды. Кітапхана ұжымы "Chevrolet " автокөлігіне ие болды.
09/06/20224 маусым –Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер –рухымыз, ар-ожданымыз» атты квет –ойыны өтті
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы өскелең ұрпақтың түсініктерін нығайта отырып, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерін дамыту болып табылады.
09/06/2022Мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандарға арналып кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылды.
Тағдырдың түрлі тауқыметін бастан кешкен зағиптардың тыныс-тіршілігінде заманнның ағымына байланысты түрлі мүмкіндіктер ашылуда.Қоғамдағы рухы биік осындай жандарға қолдау көрсету мақсатында, бүгін , С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандарға арналып кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылды.
15/06/2022