Іздеу

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстары

Азық-түлік тауарларына ақшалай шығыстар тағамдық өнімдер мен алкогольсіз ішімдіктер сатып алуға, үйден тыс жерде тамақтануға (асханаларда, дәмханаларда, мейрамханаларда), алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатып алуға кеткен шығыстардан құралады

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстары

Халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстарға тамақ өнімдері мен алкогольсіз ішімдіктерге шығыстар кіреді. Үйден тыс тамақтануға, алкогольдік ішімдіктерге және темекі өнімдеріне шығыстар кірмейді

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік емес тауарларына ақшалай шығыстары

Азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен ақшалай шығыстарға киім, аяқ киім, мата, жиһаз, үй тұрмыс заттары, тұрмыстық техника, ұзақ пайдаланатын тауарлар, жеке гигиена тауарлары, автокөлік құралдары және оларға жанар-жағар май материалдарын алуға және өзге де азық-түлік емес тауарларға кеткен шығыстар кіреді

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың ақылы қызметтерге ақшалай шығыстары

Ақылы қызметтерге жұмсалатын ақшалай шығыстар тұрғын үй-коммуналдық қызметтергеуналдық қызметтерге, көбілім алуға, денсаулық сақтауға, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар жөндеу қызметтеріне және қызметтің өзге да түрлерін төлеуге жұмсалған шығыстардан құралады

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың ақшалай шығыстарының құрылымы

Ақшалай шығыстардың құрылымына тұтыну шығыстары, туыстары мен таныстарына берілген материалды көмек, алименттер, салықтар, төлемдер және өзге де төлемақылар, несие мен қарызды өтеу кіреді

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың тұтыну шығыстарының құрылымы

Халықтың тұтыну шығыстарының құрылымы пайдалану түрлері бойынша осы шығыстардың деңгейі мен құрамын анықтайды, яғни халықтың тамақ өнімдерін, үйден тыс жерлерде тамақтануға шығыстарды, алкогольді ішімдіктерді, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарларды және ақылы қызметтерді сатып алуға жұмсаған шығындарының үлесін сипаттайды

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстарының құрылымы

Халықтың тамақ өнімдеріне жұмсаған ақшалай шығыстарының құрылымына нан өнірдері мен жарма өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, ет пен ет өнімдері, балық және теңіз өнімдері, май және тоң май,жемістер, көкөністер және т.б. кіреді

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың азық-түлік емес тауарларына ақшалай шығыстарының құрылымы

Халықтың азық-түлік емес тауарларды сатып алуға кеткен ақшалай шығыстарының құрылымына киім, аяқкиім, мата, жиһаз, үй тұрмыс заттар, тұрмыстық техника, ұзақ пайдаланатын тауарлар, жеке гигиена тауарлары, автокөлік құралдары және оларға арналған жанар-жағар май материалдарын алуға және өзге де азық-түлік емес тауарларға кеткен шығыстар кіреді

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы халықтың ақылы қызметтерге ақшалай шығыстарының құрылымы

Халықтың ақылы қызметтерге ақшалай шығыстарының құрылымына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, көлік пен байланысқа, білім алуға, денсаулық сақтауға, киім, аяқкиім, тұрмыстық техника, құрал-жабдықтар жөндеу қызметтеріне және қызметтің өзге де түрлерін төлеуге жұмсалған шығыстар кіреді

11/05/2022

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

11/05/2022