Іздеу

Нақты ақшалай табыстар индексі

Нақты көріністегі табыстар көрсеткіштерін есептеу тұтыну бағалары индексінің (нақты жалақы, нақты ақшалай табыстар жəне т.б.) көмегі арқылы жүргізіледі.

11/05/2022

Халықтың орташа жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған табыстары

Халықтың тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстары халықтың шығыстары негізінде есептеледі.

11/05/2022

Үй шаруашылығының орта есеппен үй шаруашылығына шаққандағы тұтынуға жұмсаған табыстары

Үй шаруашылығының тұтынуға жұмсаған табыстары тұтынуға жұмсаған ақшалай табыстарының сомасын (өндірістік қызметке және салымға ақша қаражатын жұмсаусыз), өзі өндірген өнімді тұтыну құнын және заттай нысандағы трансферттерді білдіреді. Тұтынуға жұмсаған табыстар үй шаруашылықтарының шығыстары негізінде есептеледі

11/05/2022

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі – ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

11/05/2022

Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі

Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі – азық-түлік қоржынының құнынан төмен табыстары бар халық санының халықтың жалпы санына пайыздық өлшемдегі арасалмағы.

11/05/2022

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан жоғары үй шаруашылығының бір мүшесімең орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

11/05/2022

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы

Кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың тамақ өнімдерін тұтынуы – уақыттың қарастырылып отырған кезеңі ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен үй шаруашылығының бір мүшесімен орташа тұтынған тамақ өнімдерінің (əрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) саны

11/05/2022