Search results

Тілдерді дамыту және насихаттау бойынша өткізілетін іс-шаралар, өңірлер бөлінісінде

Аталған жиынтық тілдерді дамыту және насихаттау бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы мәліметтерді құрайды

05/12/2021

Әлкей Марғұланның «Олжабай батыр» кітабының тұсаукесері 

Тарихи тың туындының тұсаукесер рәсімін , Әлкей Марғұланның қызы Марғұлан Данель Әлкейқызы мен Олжабай батырдың тікелей ұрпағы Мырзакәрім Адайұлы Қаханов және жазушы Әли Ысқабай атқарды.

11/03/2022

 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне орай, «Бір қолымен әлемді тербеген жан» атты іскер ханымдармен кездесу кеші 

Кездесу кешінің басты қонақтары- Нұр-Ғазиз» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы бойынша КАНО филиалының директоры Егинбаева Роза Есжанқызы, Текелі қаласынан арнайы келіп отырған Кәсіпкер Ысқақ Нұргүл, кәсіпкер Жеңіс Ардақ Ерболқызы болды.

11/03/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапаханасында , 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекелік кеш өтті.

Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекелік кеште, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек Кәрімұлы , Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Қапашұлы Көлбаев , белгілі композитор ,дирижер ,Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Алпысбаев Әли Демегенұлы және тағы басқа да құрметті қонақтар болды.

17/03/2022

Ұлт ұстазы, Алаш көсемі, ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Ахмет Алаңы» атты әдеби шара өтті.

Әдеби шара барысында, «М.Маметова» атындағы орта мектептің оқушылары мен ұстаздары жетісулық ақындар, атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Жазышылар одағының мүшесі , Алматы облысының Жазушылар одағы филиалының орынбасары, жетісудың жан серісі Жангелді Немеребай және қара өлеңнің ханшайымы ,ақын, журналист Әмина Адайханмен кездесу болды.

01/04/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында, тілі шешен, аузы дуалы ақсақалдар арасында «Бата-сөздің атасы» атты облыстық бата байқауы өтті

Алматы облысы бойынша 17 қатысушыдан өтінім қабылданып, аталған облыстық байқауда бақ сынасты. Жеңімпаздар,дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. По итогам конкурса; І место-Алиакбар Барат (Енбекшиказахский район) ІІ место-Иманали Алтай (Кербулакский район) ІІІ место-Мыкышев Мурат Дуйсенбиевич (Илийский район)

20/04/2022

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақын Мұхтар Шахановпен «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кешінің модераторы- Жетісулық ақын, журналист Әмина Адпйхан болды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022жылдан бастап, «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында, кітапхана шаңырағына кезекті қонақ болатын белгілі тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны,көпшілік оқырман қауымның жүрегінен орын алған ақын Мұхтар Шаханов. «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кешінде №28 ІТ мектеп-лицейінің оқушылар , ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқиды. Сонымен қатар, аңыз адам Мұхтар Шаханов оқырмандармен сырлы сұхбат құрылды. Шарада, зиялы қауым өкілдері мен көпшілік оқырман қауым , сондай-ақ БАҚ қатысты.

20/04/2022

23 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің мақсаты- көпшілік оқырман қауымға кітаптың берер пайдасын әр түрлі қызықты шаралар арқылы дәріптеу болып табылады. «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалінде оқырмандарға арналып, соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардың макеттері мен дәстүрлі және электронды кітаптар көрмесі , көрме инсталяция таныстырылды. Сонымен қатар, тұрақты үздік оқырмандарға «Алтын карта» табыс ету рәсімі өтті.

22/04/2022

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов туғанына 100 жыл толуына орай, " Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.

Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті. Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу болды.

09/06/2022

7мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Сарбаздар жыры» атты мерекелік кеш өтті.

Жас ұрпаққа өз отанын сүюге, соғыс жылдары ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі-өнеге ету.Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық сезімдер дамуына үлес қосу болып табылады

09/06/2022