Іздеу
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханамен қызмет көрсетілген оқырмандарының саны туралы ақпарат
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханамен қызмет көрсетілген оқырмандарының саны туралы ақпарат
26/12/2019Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Негізгі көрсеткіштер: оқырмандар, кітап беру, келушілер саны
08/01/2020«Өлке тынысы» ЖШС
Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.
07/04/2021"Ұйғыр ауданының әл - Фараби атындағы аудандық кітапханасы" ММ
Аудан тұрғындарына кітапхана мекемелерінің қызметі рухани білім беру және оқырмандарға әдеби көмек көрсету. Аудандық, ауылдық кітапханада кітаптарды оқырмандарға сақтап жеткізе білу. Жас ұрпаққа тәлім – тәрбиелік мәні бар іс – шаралармен қамту.
23/12/2021С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ақын Мұхтар Шахановпен «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кеші өтті.
Кездесу кешінің модераторы- Жетісулық ақын, журналист Әмина Адпйхан болды. Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2022жылдан бастап, «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Осы жоба аясында, кітапхана шаңырағына кезекті қонақ болатын белгілі тұлға, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны,көпшілік оқырман қауымның жүрегінен орын алған ақын Мұхтар Шаханов. «Ғұмырымыз сан үміттен тұрады...» атты кездесу кешінде №28 ІТ мектеп-лицейінің оқушылар , ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқиды. Сонымен қатар, аңыз адам Мұхтар Шаханов оқырмандармен сырлы сұхбат құрылды. Шарада, зиялы қауым өкілдері мен көпшілік оқырман қауым , сондай-ақ БАҚ қатысты.
20/04/202223 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.
Кітап фестивалінің мақсаты- көпшілік оқырман қауымға кітаптың берер пайдасын әр түрлі қызықты шаралар арқылы дәріптеу болып табылады. «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалінде оқырмандарға арналып, соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардың макеттері мен дәстүрлі және электронды кітаптар көрмесі , көрме инсталяция таныстырылды. Сонымен қатар, тұрақты үздік оқырмандарға «Алтын карта» табыс ету рәсімі өтті.
22/04/2022Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов туғанына 100 жыл толуына орай, " Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті.
Махаббат қызық мол жылдар " романынан жас оқырмандар арасында сайыс өтті. Әзілхан Нұршайықовтың туындыларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу болды.
09/06/2022Мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандарға арналып кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылды.
Тағдырдың түрлі тауқыметін бастан кешкен зағиптардың тыныс-тіршілігінде заманнның ағымына байланысты түрлі мүмкіндіктер ашылуда.Қоғамдағы рухы биік осындай жандарға қолдау көрсету мақсатында, бүгін , С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында, мүмкіндігі шектеулі, зағип оқырмандарға арналып кітапхананың тыныс-тіршілігі таныстырылды.
15/06/2022«Білім мен байлық, қайсысы артық?» атты пікірталас өтті
Пікірталасқа қатысушылар екі тарапқа бөлініп, аталған тақырыпқа байланысты өзіндік ойлары мен нақты деректемелерін алға тартты. Облыстық кітапханада өткен бұл шараға, тұрақты оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысып, пікірталастың мән-маңызын ашты.
17/06/2022


