Іздеу

Сату объектілері бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы мәліметтер

Сату объектілері бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы мәліметтер

06/01/2020

Қызмет түрлері

Қоғам қызметінің негізгі мақсаты ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қоғам мынадай қызметтерді атқарады: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудегі Қоғамның ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтерін үйлестіру және жүргізу, соның ішінде: ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жоспарларын қалыптастыру; ғылыми ұйымдар орындаған аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдау, және оларды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (әр қарай – Комитет) ұсыну; ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің жылдық есебін тыңдап, соның негізінде Комитетке қорытындылар мен ұсыныстар енгізу; өзге де ғылыми бағыттағы ғылыми ұйымдармен зерттеу қызметін үйлестіру, пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыру; Жерүсті және жер серіктеріне негізделген ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын, радиоэлектрондық және байланыс, материалтану, ғарыш биологиясы мен медицина, ғарыш ауа райы мониторингі мен болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестерді геоақпараттық модельдеу; әртүрлі бағыттағы ғарыш құралдарын, ғарыш байланыс жүйесін, навигация, байланыс және қашықтықтан барлау құралдарын әзірлеу және (немесе) дамыту, әзірлеу және (немесе) пайдалануға қатысу; экологиялық сараптаманы және паспорттауды қоса алғанда әртүрлі бағыттағы зымыран-ғарыштық кешендердің пайдалануындағы экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша зерттеулер мен жұмыстарды орындау; ғарыштық зерттеулер және ғарыштық жүйені әзірлеу бойынша қолданыстағы және болашақ жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасы; ғарыштық зерттеулер саласында іргелі және қолданбалы жұмыстарды өткізу, бүгінгі күнгі ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін құру және оларды Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында пайдалану: аэроғарыштық қашықтықтан барлау әдістері арқылы атмосфераны және төселмелі үстінгі қабатты зерттеу және аумақтық жүйелер мониторингі мен ауа райын болжауды құру мақсатында бейнелерді тану; экология, ауыл шаруашылығы, геология, картография, жерді пайдалану, су шаруашылығы және басқа да аумақтық нысандар мен құбылыстар саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғарыш мониторингі мен қашықтықтан барлау технологияларын қолдану; аэроғарыштық түсірім әдістерін әзірлеу және пайдалану және олардың негізінде географиялық ақпараттық жүйелерді құру; ғарыштан қашықтықтан барлау деректерін қабылдау, өндеу, тарату, эквивалентті алмастыру және сату; берілген құрылым мен жаңа құрылымдық сипаттағы материалдарды жасау бойынша міндеттерді шешу үшін ғарыштық материалтану, металлофизика, серпімділік физикасы мен термикалық өндеу салаларындағы зерттеулер; мемлекеттік басым бағыттар бойынша ұсыныстарды дамыту және жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында ұсыныстар әзірлеу; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында жаңа ғарыш технологияларын өнеркәсіпті игеруге қатысу; ғарыштық инфрақұрылымның қызметін ғылыми-әдістемелік және нормативті-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу; ғарыш саласы, навигациялы және медициналық жабдықтар және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін құралдар мен жабдықтарды құру бойынша тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға қатысу; жерүсті мен жер серігі базасының ғарыштық инфрақұрылымы, радиоэлетроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау және табиғи-техногенді процестердің мониторингі, табиғи-территориалды кешендерді геоақпараттық, экожуйе эәне табиғи-техногенді процесстерді модельдеу шеңберінде технологиялар, құралдар мен жабдықтар бойынша деректер банкін қалыптастыру; шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша ғарыштық технологиялар, радиоэлектрониканың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыш биологиясы және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-территориалды кешендердің геоақпараттық, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстерді модельдеу салаларында өз құзіретінің шегінде өзара байланыс орнату; Қоғамның сынақ-эксперименттік, өндірістік және әлеуметтік салаларының дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен нысандарда экологиялық және техникалық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен объектілерде стандарттау, ақпараттандыру, автоматтандыру, сертификаттау және сервистік қызмет көрсету бойынша ғылыми қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу; ғарыштық инфрақұрылым, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау және мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-аумақтық кешендердің геоақпараттық модельдеу, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстер салаларында жаңа құралдар мен құрылғыларды дамыту, дайындау және тапсыру бойынша мердігерлі жұмыстарды орындауға қатысу; зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдайлар құру, ғылыми-интеллектуалды меншікті қорғауды қамтамасыз ету, бірге істеген жобаларды іске асыру, тағылымнамалар, симпозиумдар және семинарлар, көрмелерді өткізу арқылы ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдармен, меншіктің әртүрлі формалы кәсіпорындармен тікелей байланыс құру; ғылым және ғарыш технологиялары жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру; халықаралық және республикалық съездерді, сессияларды, конференцияларды, семинарларды, кеңестерді, көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу, ғылыми журналдарды, еңбектерді басып шығаруды жүзеге асыру;

15/02/2021

400 басқа арналған сүт-тауар фермасы

2015 жылы Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кентінде "Кәрімов" ЖК-мен бірлесіп 400 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын (бұдан әрі-СТФ) құру жөніндегі жоба басталды. Негізгі табындағы сиырларды сауу швед компаниясының "Де Лаваль" VMS V300 (V буын) Робот-сауыншыларының көмегімен сиыр қора ғимаратында көзделген. Сауын сиырлардың әр секциясы үшін бір сауын роботы қарастырылған.Бүгінгі күні 1 Ірі қара малдың орташа жылдық сауымы (алғашқы лактация) жылына 6 000 кг құрайды. Ірі қара малды СТФ-да жасанды ұрықтандыру үшін канадалық жыныстық тұқым қолданылады (тұқымдық бұқалардың тұқымы жынысы бойынша бөлінеді). Сондай-ақ, "Кәрімов" ЖК өтінімі бойынша ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды: өздігінен жүретін шөп шапқыш, КАМАЗ автомашиналары, НЕФАЗ автотіркегіші, пресс-таңдаушы, фронтальды тиегіш, сұйық органикалық тыңайтқыштарды енгізуге арналған машиналар, рулондарды ұсақтағыш, жемшөп түйіршіктегіші, экструдер, жемшөп үлестіргіштер. Қазіргі уақытта СТФ ірі қара малдың бір басынан орташа тәуліктік сүт саууы тәулігіне 30-35 литрді құрайды, орташа майлылығы 3,5%. Өнім облыстың сүт өңдеу кәсіпорнына "JLC Сүт" ЖШС орташа құны 1 литр үшін 180 теңге жеткізіледі. Бүгінгі таңда 200 орынға дейін ұлғайтумен 105 жұмыс орны құрылды. 600-ден астам ірі қара мал бар, сиыр еті мен асыл тұқымды сиыр етін сату жоспарлануда. 2-кезектегі нысанның құрылысы бойынша жұмыстар аяқталу сатысында: 200 басқа арналған сиыр қорасы, жемшөп цехы және сүрлемдік орлар.

08/12/2021

"Жерұйық Энерго" жел электр станциясы

ӘКК 2018 жылы "Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы"жобасын іске асыру шеңберінде инвесторлар тартты. Жобаны "Жерұйық Энерго"ЖШС жүзеге асырады.Жоба инвестицияларының жалпы көлемі 14,5 млрд. теңге көлемінде күтілуде, 15 жұмыс орнын құру жоспарлануда. ӘКК жобаны іске асыруға, пайдалануға берілгеннен кейін кейіннен сатып алынатын ұзақ мерзімді жалға, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан ауданы 1 111 га жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта электр энергиясын сатуға "есептік қаржы орталығы" ЖШС-мен шарт жасалды, ЖСҚ әзірленді және сараптаманың оң қорытындысы алынды, жел турбиналары, әкімшілік ғимарат және ӘЖ үшін іргелі жастықтардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жел электр станциясын толық іске қосу 2021 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.

08/12/2021

Жаңа тұрғын үйді сату бағасы

Өткізілген тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрге бағасы

11/05/2022

1000 тұрғынға шаққанда жылу энергиясының орташа тәуліктік босатылуы

Бұл жинақта 2020 жылда жылу энергиясын 1000 тұрғынға орташа тәуліктік босату туралы деректер көрсетілген

07/09/2022

Сату объектілері бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы мәліметтер

Сату объектілері бойынша алдағы электрондық сауда-саттық туралы мәліметтер

10/09/2024