Мемлекеттік органдардың интернет-конференцияларына кез келген азамат қатыса алады
- 09.08.2017
- Санат: Көлік
Ашық диалог порталында ҚР азаматтары үшін мемлекеттік органдардың тақырыптық интернет-конференциялар өтуде. Конференция шеңберінде сұрақтарды кез келген азамат қоя алады.
Айта кетейік, үнемі өтетін интернет-конференциялар пайдаланушылардың орталық және жергілікті атқарушы органдарға сауал жіберіп, онлайн режимінде жауап алуы үшін ұйымдастырылады. Осы уақытқа дейін порталда 217 интернет-конференция өткізілген. Келіп түскен барлық сұрақтарға мемлекеттік органнан ресми жауап қайтарылды.
Белсенді интернет-конференцияларға қатысу үшін және жоспарланған конференциялар туралы барлық ақпаратпен Ашық үкімет порталында танысуға болады(https://dialog.egov.kz). Қазіргі уақытта келесі тақырыптарға интернет-конференциялар өтуде:
«Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының қызметі», (cұрақтарға Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин жауап береді);
«Болашаққа бағыт: рухани жаңғыру: «Туған жер» жобасының жүзеге асуы», (Алматы облысының әкімі А.Баталовтың конференциясы).
Биылғы жылдың тамыз айында ҚР ұлттық экономика министрлігінің 4 интернет-конференциясы өткізілді: «ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Жергілікті басқару органның өзіндік бюджеті мен коммуналдық меншігі»,
«Мемлекеттің экономикаға қатысуының азаюы», «ҚР рұқсаттық жүйені жетілдіру».
Белгілі бір мемлекеттік органға өтініш қалдырып, ұсыныстар жіберу және әлеуметтік маңызы бар сауалнамаларға қатысу үшін Ашық үкімет порталында «Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блог-платформасы», «Сауалнамалар» бөлімдері бар. Портал іске қосылғаннан бері отандастарымыздан 192 мыңнан астам өтініш келіп түскен.