EXPO-2017 алаңында Қазақстанның ашық үкіметі бойынша семинар өтті
- 16.08.2017
- Санат: Көлік
Тамыздың 15-і күні EXPO-2017 халықаралық көрменің Кремний алқабында «Ашық үкімет Қазақстан Республикасы үкіметінің электрондық үкіметінің элементі ретінде» тақырыбына арналған семинарлар өтті.
Шараға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысты. Семинар барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері Ашық үкімет компонеттерінің жұмыстары туралы жіті егжей-тегжей түсінірілді.
«Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог», «Ашық НҚА», «Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалау» порталдарының жұмысын талқылау мен ақпаратқа қолжеткізу механимдерін түсіндіру барысында семинарға қатысушылар НҚА жобалары мен бюджеттік бағдарламаларды талқылауға қатысудың бірнеше кезеңдері туралы, сонымен қатар, ашық деректерді пайдаланудың мүмкіндіктері туралы толық ақпаратпен танысты.
Қоғам өкілдері атап өткендей, ашық деректер базасын пайдалану мен ақпаратты талдай алу қасиеті уақыттың талабына айналуда, ал ашық үкімет компонеттерін пайдалану барлық тұтынушалар үшін актуалды болып қала бермек.
Семинардың соңында қатысушылар порталдардың жұмыстарын жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтып, шара белсенді қорытындыланды, «ҰАТ» АҚ тарапынан қатысушыларға сыйлықтар берілді.