Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстанның Ашық Үкіметінің порталдарымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіру жүзеге асырылуда

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп Қазақстан Ашық үкіметі порталдары бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуде.


Оқыту аясында мемлекеттік қызметшілерге Ашық үкіметтің портал-компоненттерімен жұмыс істеу ережелерін түсіндіріліп (Ашық деректер https://data.egov.kz/, Ашық НҚА https://legalacts.egov.kz/ мен Ашық бюджеттерhttps://budget.egov.kz/), ақпаратты орналастыру мен  пайдаланушылардың ой-пікірлерін ұйғарып мониторинг жұмыстарын жүргізу үйретілуде.

 «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Заңдары қабылданғасын мемлекекеттік органдар Ашық үкіметтің портал-компоненттерінде ақпаратты орналастыруға жауапты қызметкерлерді тағайындағанын атап өткен жөн. Дәл осы қызметкерлер автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) бойынша теоретикалық және практикалық сабақтарды, бейне сабақтарды, жазбаша нұсқауларды, бейне конференц байланыс арқылы консультацияларды және де тағы да басқа арнайы оқыту бағдарламаларын меңгеріп өтеді.

Бұл дайындықтан орталық және жергілікті атқарушы органдары өтуде. Қазіргі таңда, 600-ден астам мемлекеттік қызметшілер оқудан өтіп үлгерді.

Қызметкерлерді Ашық үкімет порталдары бойынша даярлау  Жаңғырту мен укіметтік емес ұыймдар бойынша ұлттық комиссиясының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың тиімді механизмдері және есептілік пен ашықтық кепілдігі» бағдарламасының аясында өтіп жатқанын қоса айта кетейік.

Ашық үкімет Қазақстанда Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды  жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлттық жоспарының аясында енгізіліп отыр.