Ашық деректер негізінде қосымша әзірлеу конкурсының аяқталу мерзіміне 10 күн қалды

data.egov.kz порталының негізінде мобильдік қосымша/веб-сервистердің жобаларын қабылдау үрдісі әлі жалғасуда. Жұмыстарды қабылдау 2016 жылдың 15 шілдесінде аяқталады.


Конкурс шарттары мен ескертулер:

iOS (6+ нұсқасы), Android (4+ нұсқасы) немесе Windows Phone мобильдік платформалары үшін мобильдік қосымшаны API арқылы, data.egov.kz порталында орналасқан ашық деректерді қолдану негізінде, дамыту қажет. Ресми дүкендерде қосымшаны жариялаумен қатар  интерфейстің көптілдігі қошталады.

Қатысушылардың ыңғайлығы үшін конкурсқа жіберілген қосымшаларды APK-файл түрінде (Android-қа арналған қосымшалар үшін)/ IPA-файл түрінде (iOS-қа арналған қосымшалар үшін)/ XAP-файл түрінде (WP-ға арналған қосымшалар үшін), немесе мобильдік қосымшалардың тарату қызметтері арқылы (TestFlight аналогтары) тапсыруға болады.

Мобильдік қосымшаның орнына (балама нұсқасы ретінде) ашық деректердің API арқылы дамытылған веб-қосымшалары (веб-сервистер, telegram-боттары және т.б) қарастырылмақ. Веб-қосымшалардың қолданысы келесі браузерлердің талаптарына сәйекс болуы тиіс (қолдануы мүмкін болу тиіс): Internet Explorer 6.0 және кейінгі нұсқалары (Internet Explorer 7.0 және одан кейінгі нұсқалары ұсынылады); Firefox 3.0 және кейінгі нұсқалары. Сондай-ақ көптілді интерфейс қошталады. Конкурсқа жіберілген веб-сервистер келісті сілтеме ретінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстың барлық қатысушылары ақыл-кеңесті және кез келген туындаған сұрақтарға өз жауабын біздің арнайы бөлінген мамандарымыздан алуға мүмкіндік алады. Сұрақтарды nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайына немесе 8 705 533 32 02 нөміріне қоңырау шалып қоюға болады.

Әзірленген қосымшаны / веб-сервистің сілтемесін nazerke.akhmetzhanova@nitec.kz электрондық мекенжайға 2016 жылдың 15 шілдеге дейін жіберу қажет (қосымшаның / веб-сервистің сипаттамасын, толық аты-жөні мен байланыс ақпараттарын көрсету қажет). Егерде, қосымша көлемі 10 МБ-тан асатын болса, оны  деректер қоймасының біріне орналасырып (мысалы, Google Docs, Dropbox) хатқа сілтемесін қосу қажет.

Конкурс нәтижелері 2016 жылдың 25 шілдесінде  жарияланады.

Маңызды ақпарат: қосымшаның авторлық құқығы әзірлеушіде сақталады.

Жүлде: жеңімпаз заманауи және жоғары сапалы ультрабук-трансформерді ұтып алады.

Конкурсқа қатысатын барлық мобильдік қосымшалар мен веб-сервистер қазылар алқасымен бағаланатын болады.