Ашық деректер порталында 1500-нан аса деректер жиынтығы қолжетімді
- 12.07.2016
- Санат: Көлік
Қазақстанндық data.egov.kz Ашық деректер порталында 1500-нан аса түрлі деректер жиынтығы қолжетімді.
Аталмыш деректердің жартысына жуығы data.egov.kz порталында өткен айда пайда болды, ал шілде айының бірінші аптасында мемлекеттік органдар тарапынан тағы 150 ашық деректер жиынтығы жүктелді.
Портал қонақтары орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ұсынатын өзекті ақпаратпен таныса алатынын айта кетейік. Қазіргі таңда, порталда 32 мемлекеттік органдардың деректері қолжетімді.
Мысал ретінде, ҚР Улттық банкі банкаралық ақша аудару жүйесі бойынша статистикалық мәліметтерді, ал Ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қолданыстағы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, өтемақы және демпингке қарсы шараларды ұсынғанын келтіруге болады.
Әкімдіктер болса, әлеуметтік нысандар, туристік бағыттар мен аймақтардың өнеркәсіп статистикасы мен көрсеткіштерінің ақпараттарымен бөліседі.
Естеріңізге сала кетсек, ашық деректер - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудың 100 нақты қадам ұлттық жоспарының аясында іске асырылуда, жәен де Ашық Үкіметтің компоненттерінің бірі болып табылады. Ашық деректер порталында мемлекеттік органдарының еркін қолданыстағы авторлық құқық, патент шектеулері жоқ републикация үшін пайдаланыла алатын деректер жиынтығы орналастырылады.



