Ашық деректер негізінде қосымшалар жасау бойынша байқаудың қорытындысы жарияланды
- 24.07.2016
- Санат: Көлік
Бүгін Астанада data.egov.kz ашық деректер порталының негізінде мобильді қосымшаларды жасау бойынша байқаудың қорытындылары шықты.
Қазылар алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша, Қарағандылық бағдарлама жасаушысы – ЕржанТлеуовтің «Здровье+» мобильді қосымшасы үздік деп танылды. Жеңімпазға ультрабук-трансформер табысталды.
Оның әзірлеген өнімінде әлеуметтік маңызы бар сервистердің бірқатары қамтылған. Солардың ішінде: Қазақстанның жедел қызметтері менcall-орталықтарына қосымша арқылы да, 3D Touch Quick Actions қызметі арқылы да тегін қоңырау шалу; медициналық мекемелерді, соның ішінде кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізімін іздеу; барлық анықтамалар арқылы кез келген кілт сөздер бойынша іздеу жасау; Қазақстан Республикасы азаматтары бюджеттік қаржы есебінен шетелге емделуге жіберілетін сырқаттар тізімі және т.б.
Өзге де бірнеше қосымша ерекше аталып өтті. Мәселен, Асхат Болатхан есімді бағдарлама жасаушысы Қазақстан бойынша саяхат жасауға арналған гид әзірлеген, онда жаяу жүріске, көлікпен жүруге, су арқылы, атпен және велосипедпен жүріп саяхаттау категориялары бойынша 100-ден аса турлар жайында ақпарат бар.
Алмаз Изембергенdata.egov.kz порталы бойынша ыңғайлы іздеу сервисін құрастырды, қосымша пайдаланушының сауалына сәйкес келетін керекті ақпарат пен жаңалықтарды көрсету арқылы оған ашық деректер ауқымында бағыт ұстауға көмектеседі.
Талғат Успановтың ата-аналардың қажет мектепті іздеуіне арналған «Школы Астаны» веб-жобасын да қазылар ерекше деп бағалады. Жоба мектеп маңайындағы қылмыстылық деңгейін, түрлі олимпиадалардың қорытындылары мен Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін де ескереді.
Байқауға барлығы 11 жұмыс қатысты, олардың төртеуі iOS, тағы төртеуі Android платформасына арналып, қалған үшеуі веб-жобалар форматында жасалған. Қатысушылар арасында Назарбаев Университеті мен Сулейман Демирель атындағы университеттің студенттері мен түлектері де бар.
Еске салып өтейік, байқауға қатысқан барлық қосымшаларға авторлық құқықтар бағдарлама әзірлеушілеріне тиесілі.
Анықтама үшін: Ашық деректер – мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам аясында Қазақстанда енгізіліп келе жатқан Ашық үкімет компоненттерінің бірі. Ашық деректер порталында мемлекеттік органдардың мәліметтер жиынтығы еркін жарияланады, олар кейін авторлық құқық, патенттер және өзге де бақылау механизмдерін шектеусіз, жариялану мақсатында еркін пайдаланыла алады.



