«АШЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
- 22.11.2017
- Санат: Білім және ғылым
Тегін вебинар анонсы
«АШЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Вебинар 2017 жылғы 24 қарашада (жұма күні) Алматы уақыты бойынша сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Вебинар тілі – орыс.
Вебинарға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуіңізді өтінеміз:
https://room.etutorium.com/register/04e35cc35e85dbdf3c60a36d5e85dbdf3c603e83
«Ашық үкімет» порталы мемлекеттік органдарға ашық және транспарентті болуға қалай көмектеседі?
«Ашық үкіметтің» қандай компоненттері мен сервистері пайдаланушылар арасында ең танымал?
2018 жылы пайдаланушыларды қандай өзгерістер күтеді? Қандай жаңалықтар болады және неден бас тартуға уақыт келді?
«Ашық үкіметтің» әйгілілігін және қажеттілігін қалай арттыруға болады?
Порталдың ақпараты мен деректерін қалай пайдалануға болады?
Вебинардың жүргізушісі: ОЛЬГА ДИДЕНКО, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚБ «Ашықтық және есеп берушілік» бағдарламасының сарапшысы, «Интерньюс – Қазақстан» заңғгері
Вебинарға «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Интернет –ресурстар және ашық үкімет департаментінің Әкімшілдеу бөлімінің жетекші маманы АЙГЕРІМ САРТАЙ қатысады
Қатысуға шақырамыз және белсенді пікірсайысты күтеміз!
Осы вебинар «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚБ «Жұртшылықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейту және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру есебінен мемлекеттік органдардың ашықтығын және есеп берушілігін арттыру» жобасы шеңберінде іске асырылады, коммерциялық емес болып табылады және білім беруге және ағартуға бағытталған. Барлық материалдар пайданы алумен байланысты емес, әлеуметтік мақсатта пайдаланылады.