Астанада алғаш рет деректер журналистикасы бойынша тренинг өтеді

Ағымдағы жылдың 22-23 тамызында Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Ашық деректермен жұмыс істеу» тақырыбындағы тренинг өтеді.


Іс-шараны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Internews Network» халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен ұйымдастырып жатыр.

Семинар бағдарламасына теориялық біліммен қатар, «Internews Network» мамандарының және Орталық Азияның жетекші медиа өкілдерінің ашық деректер порталымен жұмыс істеу бойынша практикалық мастер-кластартары енгізілген.

Ашық деректер порталы (data.egov.kz) Ашық үкіметтің негізгі құрамдастарының бірі, онда мемлекеттік органдардың деректері машина оқитын форматта жарияланады. Ақпарат өңдеп, талданса, түрлі салаларда, соның ішінде журналистикада тиімді пайдаланыла алады.

Data-журналистика немесе «деректер журналистикасы» материал жасау үшін түрлі есептер, статистика және т.с.с. түріндегі жалпыға ортақ ақпаратты пайдалануға негізделеді, бірақ белгілі бір техникалық машықтарды қажет етеді.Сол себепті тренинг аясында БАҚ өкілдері data-журналистиканың негіздерімен және ашық деректерді өңдеу қағидаларымен танысып қана қоймай, деректерді онлайн-сервистер мен қосымшалар көмегімен визуалдандыруды үйренеді.

 

Өтетін күні және уақыты: 2016 жылдың 22-23 тамызы, сағ.10.00-ден 19.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс бар.

Өтетін орны: «Қазмедиа орталығы» ғимараты, 21 қабат (Астана қ., Қонаев көш., 4).

Тренингке тіркелу үшін және барлық сұрақтар жөнінде +7(7172) 74-09-16 телефоны бойынша немесе Laura.Naubedjanova@nitec.kz электрондық мекенжайына хабарласуларыңызды сұраймыз.