Tech Garden CUP жарысында ашық деректерді қолданып жеңімпаз бол!
- 30.08.2016
- Санат: Білім және ғылым
Almaty Tech Garden технологиялық фестивалінің аясында бағдарламашылар арасындағы 48-сағттық Tech Garden Cup хакатоны 16-17 қыркүйек аралығында өтпек.
Бүгін бұл іс-шараға қатысқысы келетін адамдар үшін тіркелу ашылды. Шараға жекеше түрде не топ ретінде (қатарында) де да қатысуға болады.
Өткізілмек хакатонның ерекше көңіл аударарлық жайты - тапсырмалардың сан түрлі команиялардан берілуі. Қосымшалары үздік деп танылған жеңімпаздар бағалы сыйлармен марапатталмақ.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл іс-шараның серіктесі бола тұра хакатон қатысушыларының алдына келесідей міндеттерді қояды: data.egov.kz порталының ашық деректерін пайдалана iOS, Windows немесе Android ұялы платформаларына арналған ұялы қосымшаны әзірлеу қажет data.egov.kz (ашық деректер мен API-мен жұмыс істеу бойынша толық сипаттамасын порталдың «Бағдарламашыларға» бөлімінде таба аласыз).

Осыған қоса, ұялы қосымшалардың баламасы ретінде ашық деректердің негізіндегі веб-қосымшалар да қарастырылады (веб-сервистер, телеграм-боттары және т.б.)
Міндетті шарттар:
* әзірленген қосымша data.egov.kz порталының деректерін пайдалану керек
* әзірленген қосымша әлеуметтік тұрғыда маңызды әрі пайдалы болу керек
Сонымен қатар:
* шеттегі сервистер мен басқа API-ды да қолдануға болады
* әзірленген қосымшаны пайдалана отырып хакатонның басқа да тапсырмаларына қатысуға тыйым салынбайды
* креативті дизайн мен көптілдік басымдылық ретінде қарастырылады, алайда міндетті шартқа жатпайды
* қосымша авторлық құқығы бағдарламашыда қалады
Ұздік қосымша не веб-сервис үшін жеңімпаз өнімді ультрабукпен марапатталады.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластерлік қорымен бірге ұйымдастырылғанын естеріңізге саламыз.



