Profit Government Day конференциясында электрондық үкіметті дамыту мәселесі талқыланды
- 28.09.2016
- Санат: Көлік
Profit Government Day 2016 «Мемлекеттік саладағы ақпараттық технологиялар. Бизнеспен диалог» конференциясының аясында е-үкіметті одан әрі дамыту жөніндегі мәселелер талқыланды.
Осы іс-шараның бірінші күнінде мемлекеттік сектордың IT-басшылары ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру бойынша жоспарларымен бөлісіп, АКТ-заңнамасына еңгізілген өзгерістерді түсіндірді. Сонымен бірге, ірі IT-корпорацияларының өкілдері де қоғамдық секторға арналып негізделген шешімдер желісін ұсынды.
«ҰАТ» АҚ технологиялық жаңғырту және дамыту жөніндегі басқарушы директоры, Самат Имбаев, Profit Government Day конференциясында «Е-үкімет инфрақұрылымын дамыту» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында «ҰАТ» АҚ-ның eGov ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын құру, жетілдіру мен сүйемелдеу және жүйелердің қауіпсіздігі мен бекемдігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы туралы айтылды. Имбаевтың айтуы бойынша, компания алдағы үш жыл ішінде қазіргі тенденцияларға сәйкес келетін бағдарламаны анықтайтын технологияларға сатылы ауысу үрдісін жоспарлап отыр. Сонымен қатар, өнімділігі мен бекемдігі жағынан жоғары талаптарға сай жаңа деректерді өңдеу орталығын ашу мәселесі қарастырылып отыр. Ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін е-үкіметтің резервтік алаңын құру да жоспарда.
Сондай-ақ, конференция барысында, «ҰАТ» АҚ-ның Ашық үкімет пен интернет-ресурстары департаментінің әкімшілдеу бөлімінің басшысы, Назерке Ахметжанова, конференцияның тақырыптық секциясында ашық үкімет туралы баяндама жасады. Табысты халықаралық тәжірибені үлгі ретінді көрсетіп мемлекеттік пен әлеуметтік секторларда, және бизнесте де ашық деректерді пайдаланудың артықшылықтарын сипаттады. Баяндаманың негізгі бөлігі Қазақстанда ашық деректер бойынша атқарылған жұмыс пен жетістіктер, нәтижелер мен болашақтағы даму жоспарларын мазмұндаумен өтті. Веб-әзірлеу бойынша ашық деректер жинақтары негізінде қосымша жасап әр түрлі конкурстарда жеңіске жетіп жатқан үшінші тарап әзірлеушілердің белсенділігі арнайы аталып өтті.
Атап айтсақ, бүгінгі таңда Data.egov.kz порталында 2000-ға жуық ашық деректер жиынтығы жарияланған. Олардың негізінде түрлі сайыстар мен хакатондардың барысында 20 астам мобильдік қосымша мен сервистер әзірленді.
Анықтамалық ақпарат: Profit Government Day - мемлекеттік сектордың басшылары мен АТ-директорларының қатысуымен өтетін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара болып табылады.
2016 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қ. «Radisson» қонақүйінде Profit Government Day 2016 «Мемлекеттік саладағы ақпараттық технологиялар. Бизнеспен диалог» канференциясы өтті. 2016 жылдың 29-30 қыркүйек аралығында Алматы қ. «Holiday Inn» қонақүйінде бизнес пен АТ-нарығы арасында дөңгелек үстел өтпек.
Конференцияның ұйымдастырушылары - Profit Events пен «Зерде» Холдингі» АҚ.



