Tech Garden Cup хакатонында ашық деректер негізінде орындалған ең үздік жоба таңдалды
- 20.09.2016
- Санат: Көлік
Қыркүйектің 16-17 Алматы қаласында өткен Tech Garden Cup хакатоны аясында, өзінің ауыл шаруашылық интернет-портал жобасында ашық деректерді қолданғаны үшін Аманбай Айдос марапатталды.
Портал фермерлер мен мемлекеттік органдар, ұйымдар, қаржы институттары, ғылыми орта және коммерциялық секторлар арасындағы байланысты жеңілдетуге негізделген. Мысалы, ауылдық әкімдіктер хабарландыруларды аймақтағы фермерлерге жедел түрде тарата алады, ал басқа мемлекеттік органдар оларды төтенше жағдайлар, су тасқыны, өрт, зиянды жәндіктердің тарауының кауіп-қатері және карантиндік аурулар кезінде, сонымен катар салықтық төлемдердің мерзімі туралы хабардар ете алды. Бұдан басқа, бұл порталдың көмегімен фермерлер өздері туралы өзекті ақпаратты таратуға және өнімдерін нарықта жарнамалауға мүмкіндік алады.
Аманбай Айдос өзінің жобасында Ауыл шаруашылығы министрлігінің және де облыс әкімшіліктерінің деректерін пайдаланды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринариялық мемлекеттік қызметтердің тізімін, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін кәсіпорындар туралы деректерді, агроөнеркәсіп кешендерінің объектілері туралы деректерді, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылығы тізімін, аудандық және қалалық мал дәрігерлік станцияларымен байланыс деректерін мен тағы да басқа деректерді қолданған.
Жүлде ретінде жеңімпазға iPad Pro планшеті сыйға тартылған. Сонымен қатар, ол Tech Garden Cup ұйымдастырушыларынан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның тапсырмасын шешу боыйнша үздік жоба ретінде танылғаны үшін жүлдені иеленді.
Хакатонның технологиялық серіктесі - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның тапсырмасына сәйкес, қатысушалар iOS, Windows немесе Android платформалары үшін мобильдік қосымшаны немесе data.egov.kz порталының ашық деректерін қолдана отырып веб-қосымша әзірлеу тиіс болатын.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының оынбасары Жанат Мырзабеков айтып кеткендей, бүгін ашық деректер порталында 2000 астам деректер жиынтығы бар, ал ендігі мақсат осы деректердің сапасы бойынша бағдарлама-жасаушылармен, өңдеушілер мен хакатон қатысушыларымен кері байланысты орнату. «Біз жастарды ашық деректерді қолдануға шақыруды жоспарлап отырмыз» - деп қосты Мырзабеков.
Сонымен қатар, Tech Garden Cup аясында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ деректерді сараптау департаментінің басты маманы Нурсултан Галымжанның спикер ретінде қатысқан «Құжат жіктеуші» атты мастер-класс өтті. Ол тыңдаушыларға құжаттардың категориясын автоматты түрде анықтау жобасын ұсынды, жұмыстың негіздері мен ерекшеліктері туралы сұхбат жүргізді.
Tech Garden Cup «Инновациялық Технологиялар Саябағы» (Almaty Tech Garden) Автономды кластерлік қорымен бірге ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен ұйымдастырылғанын айта кетейік



