«Ашық үкімет» порталдарының жұмысы арнайы семинарларда талқыланды
- 14.11.2016
- Санат: Көлік
Еліміздің көптеген аймақтарында мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығының өсуіне бағытталған арнайы семинарлар өтті.
Еліміздің көптеген аймақтарында мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығының өсуіне бағытталған арнайы семинарлар өтті.
ҚР Президенті жанындағы Экономиканың модернизациясы жөніндегі ұлттық комиссиясы мен ҚР Парламенті мәжілісінің ұйымдастырумен өткен шаралардың басты мақсаты «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдарының нәтижелі орындалуы болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш заңның орындалуына өкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстандағы ЕҚЫҰ-ның өкілдігі, БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдігінің семинарды өткізуде қолдау көрсетіп, шараға жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысты.
Ақпаратқа қол жеткізу механизмін түсіндіру шеңберінде ұйымдастырылған семинардың басты бағыттарының бірі - «Ашық үкімет» порталының жұмысын түсіндіру, оны дұрыс пайдалануды үйрету болып табылады. Электрондық үкіметтің ақпараттық байланыс инфраструктурасындағы операторы саналатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілі порталмен жұмыс істеу туралы арнайы сессияны өткізіп оның қызметіне қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бері еліміздің әр түрлі облыстарында 9 семинар өткен.