ҚР Ұлттық экономика министрінің халық алдындағы есепетік кездесуі болады
- 28.05.2019
- Category: null
ҚР Ұлттық экономика министрінің халық алдындағы есепетік кездесуі болады
2019 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің халыққа есеп беру кездесуі болады.
Есеп беру кездесуінде Министр ҚР ҰЭМ-нің 2018 жылғы қызметі мен алдағы жоспарлары туралы баяндап, тұрғындардың кездесу кезінде қойған сауалына жауап береді. Өңір халқы үшін онлайн-режимде сұрақ қою мүмкіндігі бар бейнеконференциялық байланыс жасалады.
Орны мен өткізілу мерзімі: Астана қаласы, Д. Конаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы», киноконцерт залы, сағат 15-00-де.
Сауал жолдау және қосымша ақпарат алу үшін 8(7172) 74-30-38 телефоны арқылы «Call-centre»-ге, http://economy.gov.kz/ru/content/ otchetnaya-vstrecha сілтемесі арқылы министрліктің интернет-ресурсына, сондай-ақ press@ economy.gov.kz, mineconomy.rk@gmail.com электрондық поштасына хабарласу қажет.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу а.ж. 7 маусым, сағат 18:00-ге дейін +8(7172)-74-39-61 телефоны мен press@economy.gov.kz, mineconomy.rk@gmail.com мекен-жайы бойынша жүргізіледі.