Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы  хабарлама


2020 жылғы 3 маусым күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлының халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Еліміздегі карантин режимін сақтау шараларына байланысты министрдің есеп беру іс-шарасы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында онлайн форматта өткізіледі.

Кездесу «Хабар 24» телеарнасында және орталық коммуникациялық қызметі мен Министрліктің Facebook әлеуметтік желіcі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды minagripress@gmail.com электрондық поштасы арқылы ү.ж. 01.06.2020 жылға дейін жіберіңіздер.

Есеп беру кездесуіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8 (7172) 55-57-65 телефон номеріне  хабарласуыңызды сұраймыз.