Мәдениет және спрот министрлігінің цифрландыру күндері
- 14.08.2020
- Санат: Ақпарат
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Нұр-Сұлтанда мәдениет және спрот Министрлігінің цифрландыру күндері өтті.
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Нұр-Сұлтанда мәдениет және спрот Министрлігінің цифрландыру күндері өтті.
Іс-шарада келесі жобарлар таныстырылды: «ҚР аумағындағы фильмдердің бірыңғай мониторингі», «Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру».
Іс-шара аталған жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында онлайн-форматта вице-министр Динара Щеглованың және «Зерде» холдингі» АҚ және «Astana Hub», АКТ қауымдастығының, ІТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен болып өтті.
Жиын барысында Мәдениет және спорт департаменті кинематография және театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова жобалардың барысын баяндады.
Спикер бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру жоспарынмен таныстырды. Жоба: прокаттау және фильмдерді көрсету бойынша шынайы деректерді, көрермендер саны бойынша күнделікті статистиканы, фильмді жалға беру бойынша талдамалық деректерді және кинопрокаттың алымдары бойынша ресми деректердің бірыңғай алаңын қамтитын болады, деді.
Екінші жобаның негізгі мақсаты Қазақстанның мәдениет нысандарының виртуалды турлары бар бірыңғай цифрлық порталды іске қосу. Аталған портал виртуалды мұражайлар желісін құруға және барлық мұражай қорларын, концерттер, спектакльдер жазбаларын және материалдық және материалдық емес тарихи-мәдени мұра элементтерін электрондық форматқа аударуға көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, онлайн-алаң технология саласындағы диалог арқылы жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу үшін ұйымдастырылған. Цифрландыру күндері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және «Зерде» холдингі АҚ-мен бірлесіп IT-нарықтың мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастығы үшін өтуде.
Іс-шараның толығырақ ақпаратты келесі сілтемеге https://youtu.be/qpivcbCAhWE өтіп қарауға болады