Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің цифрландыру күні

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Нұр-Сұлтан да экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің цифрландыру күні болып өтті.

 


Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Нұр-Сұлтан да экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің цифрландыру күні болып өтті.

Іс-шара барысында келесі жобарлар таныстырылды:

«Қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі»;

«ҚР балық және балық өнімдерін қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі».

Іс-шара аталған жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында онлайн-форматта вице-министр Динара Щеглованың және «Зерде» холдингі» АҚ және «Astana Hub», АКТ қауымдастығының, ІТ-компаниялардың өкілдерінің қатысуымен болып өтті.

Жиын барысында Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Демеу Сейтжанов жобалардың барысымен таныстырды. Спикердің айтуынша, аталған жоба қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингі жүйесі нақты уақыт режимінде қоршаған ортаның жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ эмиссиялар лимиттерін арттыру бойынша экологиялық заңнама талаптарының бұзылуын автоматты түрде анықтайды. Жоспар бойынша-Қазақстанның барлық аумағы бойынша ірі табиғат пайдаланушыларды қамту. Олардың саны 200-ге жуық, деді, Демеу Сейтжанов.

Екінші жоба балық аулаудың көлеңкелі айналымын анықтауға және тоқтатуға көмектеседі. Ауланған, сатып алынған, жасанды өсірілген балық немесе басқа да су жануарлары туралы автоматтандыру есебінен ақпаратты жинауды және уақтылы өңдейді. Екі жоба да табиғатты сақтауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-алаң технология саласындағы диалог арқылы жобаларға сапалы ұсыныстарды әзірлеу үшін ұйымдастырылған. Цифрландыру күндері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және «Зерде» холдингі АҚ-мен бірлесіп IT-нарықтың мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларымен ынтымақтастығы үшін өтуде.

Іс-шара туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемеге https://www.youtube.com/watch?v=vtyfOui972U&feature=youtu.be өтіп қарауға болады.