Іздеу
Қызмет түрлері
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қоғам мынадай қызметтерді атқарады: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудегі Қоғамның ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтерін үйлестіру және жүргізу, соның ішінде: ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жоспарларын қалыптастыру; ғылыми ұйымдар орындаған аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдау, және оларды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (әр қарай – Комитет) ұсыну; ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің жылдық есебін тыңдап, соның негізінде Комитетке қорытындылар мен ұсыныстар енгізу; өзге де ғылыми бағыттағы ғылыми ұйымдармен зерттеу қызметін үйлестіру, пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыру; Жерүсті және жер серіктеріне негізделген ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын, радиоэлектрондық және байланыс, материалтану, ғарыш биологиясы мен медицина, ғарыш ауа райы мониторингі мен болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестерді геоақпараттық модельдеу; әртүрлі бағыттағы ғарыш құралдарын, ғарыш байланыс жүйесін, навигация, байланыс және қашықтықтан барлау құралдарын әзірлеу және (немесе) дамыту, әзірлеу және (немесе) пайдалануға қатысу; экологиялық сараптаманы және паспорттауды қоса алғанда әртүрлі бағыттағы зымыран-ғарыштық кешендердің пайдалануындағы экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша зерттеулер мен жұмыстарды орындау; ғарыштық зерттеулер және ғарыштық жүйені әзірлеу бойынша қолданыстағы және болашақ жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасы; ғарыштық зерттеулер саласында іргелі және қолданбалы жұмыстарды өткізу, бүгінгі күнгі ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін құру және оларды Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында пайдалану: аэроғарыштық қашықтықтан барлау әдістері арқылы атмосфераны және төселмелі үстінгі қабатты зерттеу және аумақтық жүйелер мониторингі мен ауа райын болжауды құру мақсатында бейнелерді тану; экология, ауыл шаруашылығы, геология, картография, жерді пайдалану, су шаруашылығы және басқа да аумақтық нысандар мен құбылыстар саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғарыш мониторингі мен қашықтықтан барлау технологияларын қолдану; аэроғарыштық түсірім әдістерін әзірлеу және пайдалану және олардың негізінде географиялық ақпараттық жүйелерді құру; ғарыштан қашықтықтан барлау деректерін қабылдау, өндеу, тарату, эквивалентті алмастыру және сату; берілген құрылым мен жаңа құрылымдық сипаттағы материалдарды жасау бойынша міндеттерді шешу үшін ғарыштық материалтану, металлофизика, серпімділік физикасы мен термикалық өндеу салаларындағы зерттеулер; мемлекеттік басым бағыттар бойынша ұсыныстарды дамыту және жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында ұсыныстар әзірлеу; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында жаңа ғарыш технологияларын өнеркәсіпті игеруге қатысу; ғарыштық инфрақұрылымның қызметін ғылыми-әдістемелік және нормативті-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу; ғарыш саласы, навигациялы және медициналық жабдықтар және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін құралдар мен жабдықтарды құру бойынша тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға қатысу; жерүсті мен жер серігі базасының ғарыштық инфрақұрылымы, радиоэлетроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау және табиғи-техногенді процестердің мониторингі, табиғи-территориалды кешендерді геоақпараттық, экожуйе эәне табиғи-техногенді процесстерді модельдеу шеңберінде технологиялар, құралдар мен жабдықтар бойынша деректер банкін қалыптастыру; шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша ғарыштық технологиялар, радиоэлектрониканың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыш биологиясы және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-территориалды кешендердің геоақпараттық, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстерді модельдеу салаларында өз құзіретінің шегінде өзара байланыс орнату; Қоғамның сынақ-эксперименттік, өндірістік және әлеуметтік салаларының дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен нысандарда экологиялық және техникалық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен объектілерде стандарттау, ақпараттандыру, автоматтандыру, сертификаттау және сервистік қызмет көрсету бойынша ғылыми қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу; ғарыштық инфрақұрылым, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау және мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-аумақтық кешендердің геоақпараттық модельдеу, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстер салаларында жаңа құралдар мен құрылғыларды дамыту, дайындау және тапсыру бойынша мердігерлі жұмыстарды орындауға қатысу; зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдайлар құру, ғылыми-интеллектуалды меншікті қорғауды қамтамасыз ету, бірге істеген жобаларды іске асыру, тағылымнамалар, симпозиумдар және семинарлар, көрмелерді өткізу арқылы ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдармен, меншіктің әртүрлі формалы кәсіпорындармен тікелей байланыс құру; ғылым және ғарыш технологиялары жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру; халықаралық және республикалық съездерді, сессияларды, конференцияларды, семинарларды, кеңестерді, көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу, ғылыми журналдарды, еңбектерді басып шығаруды жүзеге асыру;
15/02/2021Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі
Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100
27/04/2021№32 Өңірлер бөлінісінде мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға/жалға беру жөніндегі ақпарат
Бұл жинақта Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік мүлігін мүліктің жалға беру туралы ақпарат орналасқан (объект түрі, іске асыру әдісі, сомасы)
30/11/2021"Жерұйық Энерго" жел электр станциясы
ӘКК 2018 жылы "Еңбекшіқазақ ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясының құрылысы"жобасын іске асыру шеңберінде инвесторлар тартты. Жобаны "Жерұйық Энерго"ЖШС жүзеге асырады.Жоба инвестицияларының жалпы көлемі 14,5 млрд. теңге көлемінде күтілуде, 15 жұмыс орнын құру жоспарлануда. ӘКК жобаны іске асыруға, пайдалануға берілгеннен кейін кейіннен сатып алынатын ұзақ мерзімді жалға, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан ауданы 1 111 га жер учаскесі берілді. Қазіргі уақытта электр энергиясын сатуға "есептік қаржы орталығы" ЖШС-мен шарт жасалды, ЖСҚ әзірленді және сараптаманың оң қорытындысы алынды, жел турбиналары, әкімшілік ғимарат және ӘЖ үшін іргелі жастықтардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жел электр станциясын толық іске қосу 2021 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
08/12/20212022-2031 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және пайдалануға рұқсат етілген пестицидтердің тізбесі
2022-2031 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және пайдалануға рұқсат етілген пестицидтердің тізбесі
14/01/2022Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі
28/01/2022Желілердің ұзындығы және тұтынушыларға жылу энергиясын сату туралы мәліметтер
Желілердің ұзындығы және тұтынушыларға жылу энергиясын сату туралы мәліметтер туралы ақпарат қамтиды
22/04/2022Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпарат
Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпарат қамтиды
26/04/2022іске асырылған инвестициялық жобалар туралы ақпарат, өңірлер бөлінісінде
124.Инвестициялық жобалардын іске асырылуы бойынша
06/05/2022Көтерме саудада тауарларды өткізу көлеміндегі үлес салмағы
есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін
11/05/2022


