Іздеу

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА ЖӘНЕ А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТАРЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДАН Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға жұмыстарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған http://adilet.zan.kz (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 140 бұйрығы), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk сайтында орналасқан. Осы талаптарға сәйкес ресімделген құжаттар мен материалдар 2023 жылғы 1 наурызға дейін авторлардан немесе олардың сенім білдірген адамдарынан Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияға Астана қаласы, «Министрліктер Үйі», 11-кіреберіс, 935-кабинет мекенжайы бойынша жеке қабылданады. Анықтама телефондары 8(7172) 74-24-84, 74-20-93, 74-16-59.

24/02/2023

Жарияланған ғылыми мақалалардың саны (шетелдік басылымдарда)

25.02.2023 ж. бойынша қазақстандық авторлар 2022 жылғы Scopus дерекқорында 4974 жарияланымдар (мақалалар мен шолу) жариялады. (Scopus базасының сілтемесі: https://www.scopus.com/) Web of Science базасы бойынша жарияланымдар саны – 3786. (Web of Science базасының сілтемесі: https://www.webofscience.com) Бұл ретте жарияланымдар саны өседі және нақты саны 2023 жылдың шілдесіне дейін қолжетімді болады.

27/02/2023

267. Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: 1. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс. 2. Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын). 3. Жұмыстың қысқаша аннотациясы. 4. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді. 5. Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 6. Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін). 7. Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды). 8. Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады. Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz

28/02/2023

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектеулер ескеріле, іс санаттары (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), тараптар, процеске қатысушылар, қарау күндері, қаралатын орны көрсетіле отырып сот істерін қарау кестелері

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектеулер ескеріле, іс санаттары (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік), тараптар, процеске қатысушылар, қарау күндері, қаралатын орны көрсетіле отырып сот істерін қарау кестелері

29/03/2023

Лепра ауруы бойынша жағдай

Бұл жиынтықта «D» есепте тұрған науқастар мен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар саны туралы ақпарат бар

30/03/2023

Пациенттердің күту парағы

Бұл жинақта адам ағзасын ауыстыруды қажет ететін науқастардың күту тізіміндегі ақпарат бар.

30/03/2023

ҚР ДСМ ШЖҚ РМК "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы " деректері

Жинақта орталықтың оңтайландырылған төсек қорының саны туралы деректер, сонымен бірге 2023 жылғы 3 айдағы ТМККК және МӘМС шеңберінде емделген пациенттердің саны бойынша деректер қамтылған

03/04/2023

ҚР ДСМ ШЖҚ РМК "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы " деректері

Жинақта орталықтың оңтайландырылған төсек қорының саны туралы деректер, сонымен бірге 2023 жылғы 3 айдағы ТМККК және МӘМС шеңберінде емделген пациенттердің саны бойынша деректер қамтылған

03/04/2023