Іздеу

Ағаш кесу билеті

Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға сүрек, Шайыр және қосалқы орман ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат болып табылады.

03/04/2021

Жұмыспен қамтылған халық

Жұмыспен қамтылған халық – әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер»

16/04/2021

Халықтың 10%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы децильдік топтар бойынша нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Халықтың 20%-дық топтары бойынша Джини коэффициенті

Әркелкілік деңгейін санмен бағалауға мүмкіндік береді. Ол халықтың сан жағынан тең топтары бойынша олардың теңдей бөлу сызығы арқылы квинтильдік топтар бойынша табыстардың нақты бөлінудің ауытқу деңгейін белгілейді

25/04/2021

Жалдамалы қызметкерлер

Еңбекақы, сыйлықақы, үстемеақы және т.с.с немесе заттай нысанда ақы төлеу (сыйақы) қарастырылған жалдану шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.

27/04/2021

Жұмыссыз халық (15 жас және одан жоғары)

Жұмыссыздар - жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы, қаралатын кезеңде: а) жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған); ә) оны іздеумен белсенді айналысқан; б) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийге бір мезгілде жауап берген адамдар.

27/04/2021

Жұмыс күші

Тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшінің ұсыныстарын қамтамасыз ететін, жұмыс күшін өлшеу үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі.

27/04/2021

Жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы өзін өзі жұмыспен қамтығандар үлесі

Жұмыспен қамтылғандар-әркім өз жағдайы бойынша бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде мынадай: а) «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» ә) «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылуы мүмкін тиісті жастағы барлық адамдар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар -бұл сыйақы мөлшері тікелей тауарлар мен қызметтерді өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамтылған адамдар . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жұмыспен қамтылғандар ішіндегі үлесі=Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар/|Жұмыспен қамтылғандар*100

27/04/2021

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Үміт"күндізгі болу орталығы КММ

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Үміт"күндізгі болу орталығы КММ ,Дүйсенбі -жұма сағат 8.00 - 17.00 дейін,Алматы облысы,Көксу ауданы,Балпық би ауылы,Измайлов көшесі,7а, телефон 8 (72838) 42512,79017,44.900615,78.222420

29/04/2021