Іздеу

Дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған құрылтай, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, рухани (діни) білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың және діни мақсаттағы заттардың тізімі

Бұл жиынтық Дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған құрылтай, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттардың, рухани (діни) білім беру бағдарламаларының, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың және діни мақсаттағы заттардың тізімі туралы ақпаратын құрайды

26/01/2018

ӘОД ҒПО-ның ақпараттық жүйелерінің тізімі

Осы жинақта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйелерінің тізімі бар

10/01/2020

Қызмет түрлері

Қоғам қызметінің негізгі мақсаты ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қоғам мынадай қызметтерді атқарады: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудегі Қоғамның ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтерін үйлестіру және жүргізу, соның ішінде: ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен жоспарларын қалыптастыру; ғылыми ұйымдар орындаған аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдау, және оларды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне (әр қарай – Комитет) ұсыну; ғылыми ұйымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің жылдық есебін тыңдап, соның негізінде Комитетке қорытындылар мен ұсыныстар енгізу; өзге де ғылыми бағыттағы ғылыми ұйымдармен зерттеу қызметін үйлестіру, пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыру; Жерүсті және жер серіктеріне негізделген ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын, радиоэлектрондық және байланыс, материалтану, ғарыш биологиясы мен медицина, ғарыш ауа райы мониторингі мен болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестерді геоақпараттық модельдеу; әртүрлі бағыттағы ғарыш құралдарын, ғарыш байланыс жүйесін, навигация, байланыс және қашықтықтан барлау құралдарын әзірлеу және (немесе) дамыту, әзірлеу және (немесе) пайдалануға қатысу; экологиялық сараптаманы және паспорттауды қоса алғанда әртүрлі бағыттағы зымыран-ғарыштық кешендердің пайдалануындағы экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша зерттеулер мен жұмыстарды орындау; ғарыштық зерттеулер және ғарыштық жүйені әзірлеу бойынша қолданыстағы және болашақ жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасы; ғарыштық зерттеулер саласында іргелі және қолданбалы жұмыстарды өткізу, бүгінгі күнгі ғарыштық технологиялардың ғылыми негіздерін құру және оларды Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында пайдалану: аэроғарыштық қашықтықтан барлау әдістері арқылы атмосфераны және төселмелі үстінгі қабатты зерттеу және аумақтық жүйелер мониторингі мен ауа райын болжауды құру мақсатында бейнелерді тану; экология, ауыл шаруашылығы, геология, картография, жерді пайдалану, су шаруашылығы және басқа да аумақтық нысандар мен құбылыстар саласында қолданбалы міндеттерді шешу үшін ғарыш мониторингі мен қашықтықтан барлау технологияларын қолдану; аэроғарыштық түсірім әдістерін әзірлеу және пайдалану және олардың негізінде географиялық ақпараттық жүйелерді құру; ғарыштан қашықтықтан барлау деректерін қабылдау, өндеу, тарату, эквивалентті алмастыру және сату; берілген құрылым мен жаңа құрылымдық сипаттағы материалдарды жасау бойынша міндеттерді шешу үшін ғарыштық материалтану, металлофизика, серпімділік физикасы мен термикалық өндеу салаларындағы зерттеулер; мемлекеттік басым бағыттар бойынша ұсыныстарды дамыту және жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында ұсыныстар әзірлеу; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымының технологиялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; жерүсті мен жер серігіне орналасқан ғарыш инфрақұрылымы саласында жобалау, жобалау-технологиялық және конструкторлық жұмыстарды орындау, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райы мониторинг және болжауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, қашықтықтан болжау, табиғи-аумақтық, экожүйе мен табиғи-техногенді процестердің геоақпараттық модельдеу салаларында жаңа ғарыш технологияларын өнеркәсіпті игеруге қатысу; ғарыштық инфрақұрылымның қызметін ғылыми-әдістемелік және нормативті-техникалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу; ғарыш саласы, навигациялы және медициналық жабдықтар және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін құралдар мен жабдықтарды құру бойынша тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарға қатысу; жерүсті мен жер серігі базасының ғарыштық инфрақұрылымы, радиоэлетроника және байланыс, материалтану, биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау және табиғи-техногенді процестердің мониторингі, табиғи-территориалды кешендерді геоақпараттық, экожуйе эәне табиғи-техногенді процесстерді модельдеу шеңберінде технологиялар, құралдар мен жабдықтар бойынша деректер банкін қалыптастыру; шетел мемлекеттерінің ұйымдарымен мемлекетаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша ғарыштық технологиялар, радиоэлектрониканың жаңа технологиялары, материалтану, ғарыш биологиясы және медицина, ғарыш ауа райын болжау мен мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-территориалды кешендердің геоақпараттық, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстерді модельдеу салаларында өз құзіретінің шегінде өзара байланыс орнату; Қоғамның сынақ-эксперименттік, өндірістік және әлеуметтік салаларының дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен нысандарда экологиялық және техникалық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; ғарышты және ғарыштық технологияны пайдаланатын кәсіпорындар мен объектілерде стандарттау, ақпараттандыру, автоматтандыру, сертификаттау және сервистік қызмет көрсету бойынша ғылыми қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу; ғарыштық инфрақұрылым, радиоэлектроника және байланыс, материалтану, ғарыштық биология және медицина, ғарыш ауа райын болжау және мониторингі, қашықтықтан барлау, табиғи-аумақтық кешендердің геоақпараттық модельдеу, экожүйелер және табиғи-техногенді процесстер салаларында жаңа құралдар мен құрылғыларды дамыту, дайындау және тапсыру бойынша мердігерлі жұмыстарды орындауға қатысу; зерттеулерді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету үшін жағдайлар құру, ғылыми-интеллектуалды меншікті қорғауды қамтамасыз ету, бірге істеген жобаларды іске асыру, тағылымнамалар, симпозиумдар және семинарлар, көрмелерді өткізу арқылы ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдармен, меншіктің әртүрлі формалы кәсіпорындармен тікелей байланыс құру; ғылым және ғарыш технологиялары жетістіктерін насихаттауды жүзеге асыру; халықаралық және республикалық съездерді, сессияларды, конференцияларды, семинарларды, кеңестерді, көрмелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысу, ғылыми журналдарды, еңбектерді басып шығаруды жүзеге асыру;

15/02/2021

Экстремистік деп танылған және әкелуге, басып шығаруға және Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімі

Қазақстан Республикасының соттары экстремистік деп таныған әдебиеттер мен материалдардың тізімі; Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған әдебиеттер мен материалдардың тізімі

19/02/2021

«Өлке тынысы» ЖШС

Аса құрметті Интернет желісін пайдаланушылар! Қазіргі ақпараттық технология жан-жақты дамыған заманда қашықтан ақпараттар алмасу мен өзара байланыс орнатудың тың тәсілдері қолданысқа енуде. Солардың арқасында халық пен билік арасы да барынша жақындай түсті. Дегенмен дәстүрлі БАҚ та маңызын жоғалтқан жоқ. Осы орайда 2014 жылы күзде Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 393 қаулысымен құрылған «Өлке тынысы» ЖШС Жетісу өңіріндегі бар жақсылық пен жаңалықтың жаршысы , өркендеу мен дамудың барысын, қоғамдық-саяси тынысын жұртшылыққа дер кезінде жеткізетін, жастары ғасырдан асқан облыстық қос басылым «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің қызметін үйлестіріп, мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалуын қамтамасыз етіп отырғанын айта кетпекпін. Қазіргі кезде екі газет отыз мыңдық тиражбен, аптасына үш мәрте оқырмандармен қауышады. Екі газеттің дербес желілік басылым ретінде тіркелген сайттары да облыста ғана емес, ел көлемінде жақсы танымал. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өркенді өңірде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізіп отырған серіктестіктің директоры ретінде сіздермен жеке блог жүргізу арқылы да байланыс орнатқанды жөн көріп отырмын. Маған жеке блогым арқылы өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде сұрақ қоюларыңызға, пікір білдірулеріңізге болады. Сондай-ақ облыс аумағындағы БАҚ туралы, мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайында ұсынықты ұсыныстарыңыз, байыпты бастамаларыңыз болса, тыңдауға және мүмкіндігінше қолдауға әзірмін.

07/04/2021

Топографиялық-геодезиялық жұмыстар, сондай-ақ кезекшілік жоспардың дерекқорын жүргізу және инженерлік желілер мен коммуникацияларды түгендеу жөніндегі қызметтер.

Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын, ақпараттық деректер базасын, Талдамалық (кезекші жоспарды және инженерлік желілер мен коммуникацияларды түгендеуді жүргізу, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің деректер базасын толтыруды қамтамасыз ету) және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әлеуметтік зерттеулерін, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу; мемлекеттік қалақұрылысы кадастрын жүргізу (жобалар мен графикалық деректердің жобалық құжаттамасын есепке алу; Алматы облысындағы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін бақылау; Алматы облысының урбанистік дамуы бойынша сызбалар мен жобалық шешімдерді орындау).

13/04/2021

Артық (қате) төленген салық сомаларын есепке жатқызуды / қайтаруды жүргізуге өтініштерді қабылдау сервисі

Осы сервисті іске асырудың мақсаты артық (қате) төленген салық сомаларын есепке жатқызуды/қайтаруды жүргізу үшін қажетті деректерді беру үшін сыртқы ақпараттық жүйелерді ОСДШ АЖ-ға тікелей қосу мүмкіндігі болып табылады. Сервис құралымен жіберілген өтініштерде өткізу туралы ақпарат болуы мүмкін: - Артық төленген сомадан есепке жатқызу; - Қате төленген төлемді есепке алу; - Артық төленген сомадан банк шотына қайтару; - Қате төленген сомадан банктік шотқа қайтару. Сервис жүзеге асырады: - САЖ-дан өтініштерді қабылдау; - Келіп түскен өтініштерді өңдеу; - ОСДШ АЖ өтінішті қабылдау немесе қабылдамау негізінде жауаптарды қалыптастыру. Жауап хабарламаларында: - өтінішті қабылдау не себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдамау туралы ақпарат

20/07/2023