Search results
Соңғы 10 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың нәтижелері№
2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады. 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.
19/08/2019Сайлаушылардың жас және гендерлік құрамы бойынша ақпарат
Бұл жинақта сайлаушылардың жас және гендерлік құрамы бойынша ақпарат бар
25/11/2020Қостанай облысының аудан әкімдіктері бөлінісінде сайлаушылар саны
Бұл жинақта Қостанай облысының аудандық әкімдіктері бөлінісінде сайлаушылар саны туралы мәліметтер бар
25/11/2020Қостанай облысы бойынша сайлаушылардың көші-қоны туралы ақпарат
Бұл жинақта көрсетілген кезеңдегі Қостанай облысы бойынша сайлаушылардың көші-қоны туралы деректер бар
26/11/2020Қостанай облысының сайлау учаскелері туралы ақпарат
Бұл жинақта сайлаушылардың саны көрсетілген Қостанай облысының сайлау учаскелері туралы деректер бар
26/11/2020Қостанай облысындағы сайлаушылардың ұлттық құрамы бойынша мәліметтер
Бұл жинақта Қостанай облысындағы сайлаушылардың ұлттық құрамы бойынша мәліметтер бар
26/11/2020