Іздеу

"Ұйғыр ауданының әл - Фараби атындағы аудандық кітапханасы" ММ

Аудан тұрғындарына кітапхана мекемелерінің қызметі рухани білім беру және оқырмандарға әдеби көмек көрсету. Аудандық, ауылдық кітапханада кітаптарды оқырмандарға сақтап жеткізе білу. Жас ұрпаққа тәлім – тәрбиелік мәні бар іс – шаралармен қамту.

23/12/2021

23 сәуір - халықаралық кітап күніне орай «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалі өтті.

Кітап фестивалінің мақсаты- көпшілік оқырман қауымға кітаптың берер пайдасын әр түрлі қызықты шаралар арқылы дәріптеу болып табылады. «Жақсы кітаптарсыз жан ескіреді» атты кітап фестивалінде оқырмандарға арналып, соңғы жылдарда жарық көрген кітаптардың макеттері мен дәстүрлі және электронды кітаптар көрмесі , көрме инсталяция таныстырылды. Сонымен қатар, тұрақты үздік оқырмандарға «Алтын карта» табыс ету рәсімі өтті.

22/04/2022

267. Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар туралы мәліметтер (атауы, конкурс шарттары, құжаттар тізбесі)

Ғылым саласындағы сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: 1. Кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс. 2. Мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын). 3. Жұмыстың қысқаша аннотациясы. 4. Жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді. 5. Сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама. 6. Сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін). 7. Негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды). 8. Жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама. Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады. Қосымша: сайтта Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже http://zan.gov.kz/client/#!/doc/159129/kaz

28/02/2023