Search results

Соңғы 10 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың нәтижелері№

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 77,5 %-ды құрады. 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқанын хабарлайды, олардан есептен шығару куәліктері бойынша 22502 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 105682 сайлаушы дауыс берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1953 жылы туған, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналады.

19/08/2019

Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттар туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттар туралы мәліметтер (толықтыру. 2019 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы)

19/08/2019

Жекешелендіру бойынша

Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелесортаға беру барысытуралыақпарат «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына барлығы 33 ұйым енгізілген, оның ішінде «Тараз» ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы бар. Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жол картасы бекітіліп, сауда-саттыққа шығарылатын ұйымдарды www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына енгізілген. Бекітілген Жол картасына сәйкес 9 ұйым сатылды, 2 ұйымды тарату бойынша жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысында Жергілікті атқарушы органдарғазаңнамада белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы бойынша 14 ұйымдыбәсекелес ортаға беру рәсімін тоқтату бойынша тапсырма берілді(ауыз су саласынан 8 ұйым «Қордай су» МКК, «Жуалы-су» МКК, «Талас - таза су» МКК, «Сарысу сулары» МКК, «Байзақ су» МКК, «Аса-су» МКК, «Таза су-2014» МКК, «Жамбыл су» МКК, энергетика саласынан 4 ұйым «Құлан-энерго жылу» КМК,«Шу-Жылу» МКК, «Жаңатас-су-жылу» МКК, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» МКК, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 1 ұйымы «Қордай ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» МКК және ауыл шаруашылығының 1 ұйымы «Талас-Аса» МКК). 2022 жылдың қазан айында «Таза талас» МККжәне «Сарысу» газетінің редакциясы» ЖШС - 51% мемлекеттік қатысу үлесін, ал қараша айында «Жаңару 2017» ЖШС менқатысушысы «Тараз» ӘКК» АҚ болып табылатын«Astana Food Storage» ЖШС сауда-саттыққа шығару жоспарланған. Электронды сауда-саттық өтуі туралы ақпаратпен «Мемлекеттік мүлік тізілімі» - www.gosreestr.kz веб порталы арқылы танысуға болады.

31/10/2019

№126 Жекешелендіру жөніндегі мәліметтер, өңірлер бөлінісінде

Бұл жинақта жекешелендіру туралы ақпарат орналасқан (объект түрі, іске асыру әдісі, сомасы)

18/11/2019

№701 Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік маңызы бар объектілерінің құрылысы

Бұл жинакта әлеуметтік маңызы бар объектілерінің құрылысы туралы ақпарат орналасқан

18/11/2019

№125 Іске асырылған инвестициялық жобалар туралы ақпарат, өңірлер бөлінісінде

Бұл жинақта субсидияланатын жобалар туралы ақпарат орналасқан

26/11/2019

№124 Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұйымдардың тізбесі, өңірлер бөлінісінде

Бұл жинакта кәсіпкерлік қолдау бойынша ұйымдар туралы ақпарат орналасқан

26/11/2019