Астанада ашық деректер бойынша бизнестің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

16 сәуірде Астанада ашық деректер бойынша бизнестің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Денсаулық сақтау, құрылыс, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар секторынан 50-ге жуық компаниялар қатысып, ашық деректерді қолданудың әлемдік тәжірибесімен танысты.


Мемлекеттік органдарда жинақталған ақпарат бизнес және азаматтар үшін үлкен құндылықты білдіреді. Билік органдары деректердің көп мөлшерін жинайды және өңдейді, ол Интернеттің дамуымен бірыңғай ресурстарда ашық қолжетімділікте әлдеқашан жарияланды. Қазақстанда осы қызметті data.egov.kz ашық деректер порталы орындайды. Бүгінгі күні порталда деректердің 217 жиынтығы ұсынылды және олардың саны үнемі толығып отырады.

Мемлекеттік органдардан өзекті ақпаратты қайталама пайдаланудың жаңа инновациялық өнімдерді жасау үшін орасан мүмкіндігі бар. АҚШ серпінді дамыған рыногында ашық деректер негізінде жаңа онлайн сервистер мен мобильдік қосымшалар іске қосылуда.

Дөңгелек үстел аясында, АҚШ-нан шақырылған сарапшылар - Open data 500 компаниясының өкілдері қазақстандық кәсіпкерлерге мемлекеттік органдардың қандай деректері бизнестің жаңа бағыттарын дамыту үшін мүмкіндігі бар екендігі туралы айтып берді. Іс-шара барысында кәсіпкерлер сарапшылардың көмегімен олардың жұмыстарын оңтайландыру және тиімділігін арттыру үшін  оларға қандай мемлекеттік деректер қажет екендігін анықтады.

Әріптестік және Center for Open Data Enterprise бағдарламалар мәселелері  жөніндегі директор Лора Мэнли: «Біз бүгін  бизнес сектордың өкілдерімен, ең алдымен ашық деректер дегеніміз не және кәсіпкерлер өз қызметінде мемлекеттік деректерді пайдаланудан қандай тиімді пайда алады дегендерді түсіндіру үшін бірінші дөңгелек үстелді өткіздік. Мемлекеттік деректерді қайталама пайдалану бизнестің жаңа өнімдерін жасау үшін және бар өнімдерін дамыту үшін де өзіне зор мүмкіндіктерді артады. Ең бастысы, барлық осы ақпарат Қазақстанның азаматтары мен кәсіпкерлері үшін қолжетімді мүлде тегін», - деп атап өтті.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев: «2014 жылғы БҰҰ рейтингісіне сәйкес, Қазақстан 2012 жылмен салыстыру бойынша  рейтингте 10 позицияға көтерілді. Қазақстанның ағымдағы рейтингісін  нығайту және арттыру мақсатында, рейтингті жасау кезінде маңызды критерияларының бірі болып табылатын «ашықтық» бойынша көрсеткіштерді жақсарту қажет. Мемлекеттік органдардың «Ашықтығы» қолайлы және  түсінікті түрде халыққа мемлекеттік органдардың өзекті және сенімді деректерін беруді қосады», - деп түсінік берді.

 

Қазақстанда ашық деректерді пайдалануда табысты мысал да бар. 2014 жылғы қазанда студенттер арасында ашық деректер базасында жаңа қосымшаларды әзірлеуге конкурс өткізілді. Осы конкурстың нәтижесінде 24 мобильді қосымшалар әзірленді.

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Баспасөз қызметі