Ашық деректердің негізінде қосымшалар әзірлеу бойынша конкурс

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталының ашық деректерін пайдалана отырып, мобильді қосымшалар әзірлеуге студенттер арасында конкурс жариялайды.


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ www.data.gov.kz порталының ашық деректерін пайдалана отырып, мобильді қосымшалар әзірлеуге студенттер арасында конкурс жариялайды. Ашық деректер порталының мақсаты – қоғамға деректерді пайдалану арқылы мемлекетті басқаруға қатысу және олардың негізінде қосымшалар құру мүмкіндігін ұсыну, жан-жақты талдаулар мен зерттеулер жүргізу.  «ҰАТ» АҚ конкурсы арқылы порталдың мүмкіндіктерін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар жаңа пайдалы қосымшалар мен сервистер құруға жастарды ынталандыру. Авторлық құқық қосымшаны әзірлеушіде қалады. Конкурсқа колледждердің және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, жасы және оқыту бағдарламасы маңызды емес. Конкурстың сыйлық қоры: 1 орынға – MacBook Air; 2 орынға – Apple iPad Air; 3 орынға – Apple iPad mini. Әзірленген қосымшаны opendata@nitec.kz электронды адресіне 2014 жылдың 1 қазанына дейін жолдау қажет (Т.А.Ә., колледждің, ЖОО атауы және байланыс деректері көрсетілуі қажет). Конкурсқа қатысушы барлық мобильді қосымшалар білікті қазылар алқасымен бағаланатын болады, олардың құрамында: Әсел Молдабекова – «ҰАТ» АҚ атқарушы директоры, Таир Сабырғалиев – «ҰАТ» АҚ бас сәулетшісі, Александр Требухин – «АКТ дамыту қорының» атқарушы директоры, Ұлан Қаражігітов – BFF.kz басшысы және ортақтасы, Самсон Безмятежный – блогер, Тимур Кубеков – блогер. Бағалау барысында идеяның түпнұсқалығы, әлеуметтік маңызы, қызметі және коммерциялизациялау келешегі есепке алынады. Конкурстың нәтижесі 2014 жылдың 6-7 қазанында Электрондық үкімет жаһандық форумын өткізу барысында хабарланатын болады.