Астанада «Денсаулық сақтау үшін ашық деректер» тақырыбы талқылануда

Ашық деректер бойынша кезекті дөңгелек үстел «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ а.ж. 29 маусымда өтеді. Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сарапшыларын, сондай-ақ медицина саласындағы жеке сектордың өкілдерін бір алаңға жинайды.


Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 94 тармағында «Ашық үкіметті» құруға, сондай-ақ Ақпараттарға қолжетімділік туралы заңды әзірлеуге ерекше назар аударды, ол ақпараттарды иеленушілер, атап айтқанда мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және айқындылығын қамтамасызт етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен халық үшін маңызды болып табылатын, алайда сол уақытта азаматтар үшін қолжетімсіз болып қалатын деректер кешенінің ауқымды ақпараттарын құрады және сақтайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дөңгелек үстелге қатысушыларға олар ашық қолжетімділікті көргісі келетін мемлекеттік органдардың деректер тізбесін кеңейту жөніндегі өзінің ұсыныстарын енгізуге және сұрақтар қоюға мүмкіндік береді. Мысалы, бизнес және азаматтар үшін медициналық деректерді ашумен көптеген проблемалардың шешімін табуға болады: жаңа дәрілерді әзірлеу, емдеудің инновациялық әдістерін іздеу, аналитикалық жобаларды дамыту.

Іс-шараға қатысуға ниет білдіргендерге Asel.Azharova@nitec.kz электрондық адресі немесе +7 (7172) 74 09 16, +7 701 605 55 55 телефон нөмірлері бойынша хабарлауға болады.

Дөңгелек үстелді өткізудің уақыты және орны: 2015 жылғы 29 маусым, сағат 10:00-де, Астана қ, Орынбор көш, 8 үй, 16В кіреберісі.

 

 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Баспасөз-қызметі