«Center for Open Data Enterprise» өкілі Қазақстандағы ашық деректердің дамуы туралы айтып берді
- 15.07.2015
- Санат: Көлік
Американдық «Center for Open Data Enterprise» компаниясынің өкілі Лора Мэнли өзінің блогында Астанада өткен жеке меншік секторға арналған ашық деректер бойынша дөңгелек үстел туралы ақпаратпен бөлісті.
2015 жылғы сәуір айында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның «Center for Open Data Enterprise» Америка компаниясымен бірлескен «Жеке меншік секторға арналған ашық деректер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Өзінің блогында Center for Open Data Enterprise хабарлағандай, компанияның күшімен көптеген елдерде осындай дөңгелек үстелдер талай мәрте өткізілген. АҚШ ашық деректерді дамыту жөнінде озық елдердің бірі болып табылады. АҚШ ашық деректер порталында әлдеқашан 140 мыңнан аса деректер жиынтығы ұсынылған, қосымшалардың үлкен көлемі әзірленген.
Осындай нәтижелерге жету жолында мемлекеттік органдар және жеке меншік секторы өкілдерімен де бірнеше дөңгелек үстел өткізілді. Center for Open Data Enterprise компаниясының ашық деректер саласындағы сарапшылары коммерциялық құндылықты құрайтын мемлекеттік органдар деректерінің құндылығын анықтауға көмектесу үшін, жеке меншік сектормен диалогты жүзеге асыруда көптеген елдердің үкіметіне көмектеседі. Одан басқа, осындай
іс-шаралардың мақсаты деректер пайдалануда сенімді, толық жарамды, жеңіл және үнемі өзектілендірілген болу үшін шешім жолдарын әзірлеу болып табылады.
Қазақстанда жеке меншік сектор өкілдерімен ашық деректер бойынша дөңгелек үстел бірінші рет өткізілді.
Center for Open Data Enterprise хабарламасында: «БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің Өңіраралық кеңесшісі Ричард Керби: «Қазақстан барлық елдердің азаматтары мен кәсіпкерлерінің пікірін ескере келе, ашық деректердің сенімді тұғырнамасын іске асыру жолында тұр»,- деп атап өтті делінген.
Блогта, сондай-ақ, ағылшын тілінде дөңгелек үстел нәтижесі туралы есеп берілген.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Баспасөз-қызметі