Ашық деректерді қолдан да, Tech Garden Cup жүлдесін ұтып ал

Tech Garden Fest 2015 бірінші технологиялық фестивалі қатысушылары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның сыйлықтарына ие бола алады.


Аталған іс-шараның серіктесі ретінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ фестивальдің «Ашық деректер» номинациясы қатысушыларына үш арнайы жүлдені жариялады.

Технологиялық платформа ретінде data.egov.kz порталында жарияланған ашық деректер негізінде мобильдік қосымшалар мен сервистерді жасау құралдарын қолдану ұсынылады.

Ашық деректерді қолдану арқылы құрастырылған үздік қосымшалар мен сервистер үшін жүлдегерлер келесі сыйлықтарға ие болады:

  • 1 орын – ойын ноутбугі;
  • 2 орын – iPad планшеті;
  • 3 орын – смартфон.

 

Естеріңізге салсақ, 24-26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Tech Garden Fest 2015 бірінші технологиялық фестивалі өтеді. Фестиваль аясында әзірлеушілер арасында 48 сағаттық технологиялық марафон (хакатон) өткізіледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі және  «Инновациялық Технологиялар Паркі» (Almaty Tech Garden) автономдық кластерлік қорымен бірлесіп ұйымдастырылған, серіктестер - «Кселл» АҚ мен KIMEP UNIVERSITY. Шараға қызығушылық білдіргендердің барлығы, программистер, жеке өздері немесе топқа бірігіп қатыса алады.

Хакатон Tech Garden Cup қатысушыларға іс-шара серіктестерінің (халықаралық компаниялар) технологиялық платформалары негізінде жобаларды құруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, оларға барлық қажетті техникалық қолдау көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың ойынша, Tech Garden Fest сияқты іс-шаралар IT-саланың дамуына үлкен септігін тегізеді, олар әзірлеушілерге тәжірибе алмасып, өз жобалары мен дағдыларына назар аудартуға мүмкіндік береді.

Анықтама: ашық деректербұл машинамен оқылатын форматта жарияланған мемлекеттік органдардың қолжетімді деректері, олардың көмегімен әр түрлі мақсаттарда IT-жобаларды құруға болады. Қазіргі кезде ашық деректер порталында қолдануға жарамды 300-ден артық әр түрлі санаттағы деректер жиынтығы жарияланған.