Астанада көлік саласындағы ашық деректерді талқылады

Астанада «Көлік саласындағы ашық деректер» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің қатысуымен оның ұйымдастырушысы болып «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сөз алды.


     Іс-шараның мақсаты ашық деректерді пайдаланудың артықшылықтарын талқылау және көлік және логистикалық бизнестің тікелей қатысушыларымен пікір алмасу болды. Жеке сектор өкілдері өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды және осы саладағы өздерінің ойларымен бөлісті.

     Атап айтқанда, Көлік комитетінің қызметі бөлігінде ашық деректердің алдын ала тізбесінің тармақтары пысықталды. Осылай, ашық қолжетімділік үшін станциялардың байланыстары (темір жол вокзалдары, автопарктер, автобус бекеттері және т.б.), жүк тасымалдау жөніндегі деректер (тасымалдаудың габариті, қашықтығы бойынша құны), сондай-ақ қалааралық жолаушылар тасымалы бағдарлары (кесте, билет құны) ақпаратын тізімге енгізу ұсынылды.

 

 

     

       Мемлекеттік және жеке сектордың белгілі бір деректері туралы идеяны көрсететін ашық деректер – тұжырымдама, машинамен оқылатын авторлық құқықты, патенттерді және бақылаудың басқадай механизидерін шектеусіз пайдалану және ары қарай қайта жариялау үшін қолжетімді болуы тиіс.  Пайдаланушылар портал, ашық деректердің негізінде бизнес-сектормен құрылатын сервистер мен қосымшалар арқылы ретінде тұрақты негізде өзекті, сенімді ақпаратты ала алады.

      Еске салатын болсақ, «Ашық үкіметті» енгізу Мемлекет басшысы
Н. Назарбаевтың бес институтты реформасын іске асырудың 100 нақты қадамы тармақтырының бірі болып табылады.