2019 жылдың маусымындағы жаңарту жұмыстары аясында «Ашық деректер» порталында API Кey алу функционалын жариялау жоспарлануда

2019 жылдың маусымындағы жаңарту жұмыстары аясында «Ашық деректер» порталындағы ашық деректердің мобильді қосымшалар мен сервистерде пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін API Кey алу функционалын жариялау жоспарлануда.


«Ашық деректер» порталының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жалпы қол жетімді деректерін олардың негізінде сервистер мен мобильдік қосымшаларды жасау мүмкіндігі үшін машинамен оқылатын түрде орналастыру болып табылады. «Ашық деректер» порталының көмегімен қоғам мемлекеттік органдар құратын деректер жиынтығын оңай табуға, жүктеуге және пайдалануға болады. Портал мемлекеттік деректер жиынтығының сипаттамасынан, сондай-ақ деректер жиынтығына және қосымша құралдарға қалай қол жеткізу керектігі туралы ақпараттан тұрады. Деректер каталогтарының жиынтығы, сондай-ақ деректердің өздері тұрақты түрде толықтырылады.

Бүгінгі күні порталда 3376 ашық деректер жиынтығы орналастырылған. Сондай - ақ, сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітапханамен, сервистермен) ұсынылатын дайын бағдарламалар жиынтығы API қолжетімді, оның көмегімен сұрау арқылы деректерге жүгінуге болады.

2019 жылдың маусымындағы жаңарту жұмыстары аясында «Ашық деректер» порталындағы ашық деректердің мобильді қосымшалар мен сервистерде пайдаланылуына мониторинг жүргізу үшін API Кey алу функционалын жариялау жоспарлануда. Бұл әзірлеу мобильді қосымшалардың немесе сервистердің авторларына (әзірлеушілеріне) «Ашық деректер» порталының көпшілік бөлігінде API key бірегей идентификаторының көмегімен API пайдалануға мүмкіндік береді. Сервистерге API көмегімен API Key көрсетпей қосылу әрекеті кезінде жүйе «API арқылы сервистерге қол жеткізу тек қана API key көрсетілуімен мүмкін. «Әзірлеушілер» бөлімінде API key алыңыз» қатесін шығарады. Бұл жағдайда бір бағдарлама үшін тек бір API Key пайдалануға болады.

«Ашық деректер» порталының API пайдалану және API key алу үшін мобильді қосымшаның немесе сервистердің авторына (әзірлеушіге) «Ашық деректер» интернет-порталының API пайдалану бойынша пайдаланушы келісімінің шарттарымен танысуы және қабылдауы қажет болады.

Жоспарланған өзгерістерге байланысты, бүгінгі күні порталдың API-ін қолданатын мобильді қосымшалар мен сервистердің авторларына (әзірлеушілері) жаңарту жұмыстарынан кейін порталда орналастырылған ашық деректерді пайдалану үшін API key алуы қажет болады.